Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Жоғары білімді қаныпезер

03.05.2024
- Қылмыс пен жаза
0
Жоғары білімді  қаныпезер
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тәңір жазған тағдырға сөз жоқ қой. Олар небәрі он жеті-ақ жыл жұбайылық өмір кешті. Интернеттегі сайт арқылы танысып, көңіл қосқан еді. Екі жарты, бір бүтін болып, сүттей ұйып отырған шаңырақ ойда жоқ жерде қайғы жұтты…

Сот отырысында Лена болған жайтты қаз-қалпында баяндап берді. Жексенбі күні болатын. Тамылжыған көктемнің таңғы самалын жұта ерлі-зайыптылар әдеттегідей сағат жеті болмай іске кіріскен. Демалыс күн болғандықтан Ғарышкерлер бақжолының бойында жүрген ешкім көзге түсе қойған жоқ. Олардың міндеті осы бақжолында тазалықты сақтау болатын. Жолдасы Қамбар үшінші топтағы мүгедек қой, осы жеңіл жұмыспен айналысқандарына едәуір жыл болып қалған. Олардың жұмыс кестесі таңертеңгі сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін, сосын сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін болатын. Бақжолдағы ағаштарды күтіп-баптайды, қоқыстарды жинап, жаяу жүргінші жолын сыпырады. Жұмыстары өздеріне ұнайтын.

Сағат 07:30 шамасы болып қалған. Лена бір қараса С. Сейфуллин көшесі жақтан саяжолмен екі жігіт келе жатыр екен. Лена оларға көңіл бөлмес-
тен өз жұмысымен айналыса берді. Бұл уақытта күйеуі өзінен 20 метрдей жердегі балалар алаңын тазалап жатқан. Енді бір сәтте қараса, әлгі екеу Қамбарға қарай беттеп бара жатыр екен. Шайқала басқан жүрістеріне қарағанда өздері масаңдау тәрізді көрінді Ленаға. Екеуі жолдасының қасына барып, сөйлесе бастады. Олар не жайлы айтқандарын ол ести алған жоқ. Көп өтпей-ақ «Мен саған айттым ғой, жоқ менде телефон», – деп айқай салған күйеуінің дауысын құлағы шалды.

Аналардың Қамбармен кикілжіңге барғанын аңғарысымен Лена оларға зер сала қараған. Екеудің ақ көйлек киіп алғаны күйеуіне төне түсіп, қоқан-лоққы жасай бастады. Сол сәтте Қамбардың «Тарт пышағыңды», – деген айқайын естіген. Сөйткенше күйеуі анадан қорғанып, Ленаға қарай қаша жөнелген. Екеуі оны қуып кеп берді. Жақындай түскенде Лена ананың қолындағы пышақты анық көрді. Күйеуіне ілесе ол да ағаш арасымен Бейбітшілік көшесіне қарай жүгіре қашты.

Сондай-ақ оқыңыз

Қашқын ұрының жазбалары

Қашқын ұрының жазбалары

25.04.2025
Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

25.04.2025

Күйеуі көп ұзамай-ақ әлденеге сүрініп, ағаштардың жанындағы бұтақтар арасына құлап қалды. Екеудің торлы жейде кигені Қамбарды жатқан жерінен тұрғызбай кеудесінен жерге басса, ал ақ көйлек кигені қолындағы пышағымен күйеуін соққылай бастады.

Ленаның қорыққанынан айқайлайын десе дауысы шықпай қалғаны. Қалтасынан ұялы телефонын ала салып, бастығына «Қамбарды пышақтап жатыр», – деген. «Қазір, қазір», – деген бастығы. Ленаның телефонмен сөйлесіп жатқанын байқап қалған торлы жейде киген жас жігіт қасындағы серігіне оны нұсқап, бірдеңе айтты. Күйеуі осы сәтті пайдаланып, орнынан тұра қашқан. Ақ көйлекті оны және қуып жетіп, бірнеше рет пышақ сілтеген. Лена өзіне жақындап келіп қалған торлы жейделіге жылап тұрып:

– Ана жолдасыңа қой деші, – деп жалынған.

– Кімге телефон шалдың? – деп сұрағанда «Полицияға», – деген Лена. Сол-ақ екен торлы жейде киген жігіт жолдасына да қарамастан «Юникс» дүкеніне қарай жылыстай жөнелген.

Сөйткенше автокөлігімен бастығы да келіп жеткен. Оны көрген ақ көйлекті қаша жөнелді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем де келіп жетті. Қашқын екеу ізі суымай қолға түседі. Олардың түр-келбеті Ленаның жадында жатталып қалған еді. Сол күні-ақ полиция бөлімшесінде бір топ жігіттер ортасынан әлгі екеуді жазбай таныды.

Лена кейін сот отырысында білді ғой, сондағы ақ көйлектінің есімі Нұрғали екенін. Жасы қырықта, жоғары білімі бар екенін естігенде Лена таңқалған. Оны әлдебір коммерциялық мекеме директорының орынбасары дегенде өз құлағына өзі сенбеген. Желөкпе жас емес, оқымаған-тоқымаған басбұзар әлдебіреу болса бір жөн, білдей бір мекеменің басшысы ретінде қарамағындағыларға жөн сілтеп, ақыл айтар жан бола тұра мына іс-әрекетін не деуге болар?! Оның жүріс-тұрысы сұйық көрінді Ленаға. Сот отырысында мәлім болғандай, Нұрғали Сәтбаев қаласынан Жезқазғандағы бір танысының пәтеріне түнгі сағат 04:00 шамасында келеді. Бала-шағасы бар соқталдай азаматтың бұл түнгі жортуылын қалай түсінуге болады?! Қасындағы торлы жейде киген Самат пен пәтер иесі үшеуі түнімен отырып спирттік ішімдік ішеді.

Нұрғали сот тергеуі отырысы барысында өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, 33 жастағы серігі Саматпен екеуі танысының пәтерінен таңғы сағат 07:00 шамасында шығып, Ғарышкерлер бақжолымен келе жатқанда өзіне бейтаныс жанға, кейін барып білген жәбірленуші Қамбарға жолыққанын баяндап берді. Ол өздерінің ұялы телефондарының қуаты отырып қалғандықтан жәбірленушіге орталық базарға бару үшін такси шақырып беруін өтінгенін айтты. Ал ол болса өздерінің өтінішін құлағына да ілмей, жоқ жерде ашу шақырып, ызақорлықпен қолындағы күрекпен ұрғылай жөнеліпті. Жәбірленушінің бұл қылығына шыдай алмай, әрі мастықпен өз әрекетіне есеп бере алмастан оған пышақ жұмсағанына өкінетініне қынжылыс білдірді.

– Пышақты өзіңізбен бірге неге алып жүрсіз? – деген судья сұрағына ол:

– Танысымыздың үйінен екі пышақ алып едік. Орталық базарға барып, туысымның малын сойысуға көмектеспек болдық. Бір пышақ Саматтың пакетінде еді, – деп жауап берді.

– Бір пышақ сізде болды ма?

– Иә. Оны шұлығымның ішіне қыстырып алған едім.

– Пышақты неге шұлығыңыздың ішіне қыстырып алдыңыз? – деген сұраққа ол:

– Соны өзім де білмеймін… – деп міңгірледі.

Сотталушының жауабын естігенде Ленаның денесі түршікті. Кәнігі сотқар ғана пышақты шұлық ішіне қыстырып алса керек. Сол пышақ оның күйеуін жантәсілім еткені есіне түскенде көзіне жас үйірілді. Пышақ жарақатынан жан серігі аурухананың жан сақтау бөлімшесінде есін жимастан көз жұмған еді. «Сотталушының өзінің пышақ ала жүгіруіне ойлап тапқан сылтауына жөн болсын. Тышқан мұрнын қанатпайтын момын, денсаулығы жоқ әлжуаз Қамбар күрекпен ұрды дегені қай сасқаны» деп ойлады.

Лена сотталушылар Нұрғалидың 17 жыл мерзімге, ал Саматтың 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені туралы сот үкімін судья оқығанда да көңілі жай таппады. Қылмыскерлер соншама мерзімге жаза арқаласа да Ленаның қайғысының орнын толтыра алар ма?! «Адамдар-ау, неге жауыз болып барасыңдар! Күйеуімнің сонша не жазығы бар еді?! Қара пиғылды қаныпезерлік деген бұл не сұмдық!» – деп лағнет айта айқайлағысы келіп кетті…

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

 

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру