Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

ЖезУ түлектеріне диплом табысталды

14.07.2023
- Әлеумет
0
ЖезУ түлектеріне диплом табысталды
99
БӨЛІСТІ
276
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өңірдегі іргелі һәм жалғыз жоғары оқу ордасы – Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлектері үшін бұл ерекше күн еді. Себебі, студенттер бірнеше жыл бойы жиған білімінің нәтижесіне қол жеткізді.

Жезқазаған университеті білім, ғылым, өнер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы білім ұясының қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер қазір сан-салада жемісті еңбек етіп жүр. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали жоғары оқу орнын бітірушілердің де сол жолды абыроймен жалғайтындығына сенім білдіріп, бірқатарына қызыл диплом табыстады.

Жезқазған университетінде 3 ғылым докторы, 4 атақты профессор, 23 ғылым кандидаты және 12 доцент қызмет атқарады. Ал, биыл оқу ордасынан 8 магистр мен 284 бакалавр түлеп ұшты.

– Мына заманның бүгінгі жастарға қойған талаптары олардың әрқашан инновациялық ізденісте болуына, рухани жаңғыруына бағытталды. Жылда университет сапалы білім беру үшін материалдық жабдықтармен жабдықталып тұрады. Бүгінгі таңда университет елу мың жоғары білімді маманды даярлады.Біздің түлектер шетелдерде, жергілікті жерлерде  қызмет етіп жүр. Осы тұрған сіздер де солардың ізін жалғайды деген үміттемін, – деді университет ректоры Әбділмәлік Тәкішев.

Биылғы жылы  университеттің 22 түлегі қызыл дипломға қол жеткізді. Солардың бірі – Гүлбақыт Бақбергенова. Қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша білім алған талапкер ұстаз болып, еңбегімнің жемісін көру басты мақсат дейді.

Сонымен қатар, талантымен талай додада оқ бойы оза шауып көзге түскен түлектерге арнайы «Үздік түлек», «Дарынды түлек», «Белсенді студент» секілді 15 номинация табысталды. Ресми табыстау сәтінен кейін, іс-шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ата-ана баланың қандай әрекеті үшін жауапқа тартылады?

    136 бөлісті
    Бөлісу 54 Твитерге 34
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру