Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

«Жезқазғантүстімет» ӨБ топ жарды

11.03.2024
- Бәрекелді!
0
«Жезқазғантүстімет» ӨБ топ жарды
103
БӨЛІСТІ
285
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Алматыда «Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерінің командалары арасында I қысқы Спартакиада өтті. Жарыс екі күн, яғни, ақпанның 28 және 29 күндері ұйымдастырылды. Спартакиадаға бұрын өз ұйымдарында іріктеу турнирлерінен өткен 300-ден астам спортшы қатысты. Ауқымды шараны «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұйымдық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры Евгений Козак ашып берді.

– Спорт – қызметкерлердің бір-бірімен танысуына, ептілік пен дене қасиеттерін көрсетуіне мүмкіндік беретін бірегей шара. «Қазақмыс» компаниялар тобының спорт саясатын талқылау барысында сіздер ұсынған спорт түрлерін біз белсенді түрде дамытамыз. Бүгін сіздерге қауіпсіз ойын және жақсы көңіл-күй тілеймін, – деді Евгений Козак.

Жарысқа «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Қазақмыс Энерджи», «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі, «Қазақмыс Барлау» ЖШС, «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС, «Мэйкер» ЖШС -нен барлығы 14 топ қатысты.

Екі күн бойы «Қазақмыс» спортшылары шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және шаңғы жарысында бақ сынады. Топтарды арнайы шақырылған кәсіби төрешілер бағалады.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Жарыс қорытындысында шағын футбол бойынша: «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ топ жарды. Шахмат жарысында «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің еңбеккерлері Таңат Дүйсентегі, сырлаушы Әсем Ескендірова және слесарь-жөндеуші Мейрамбек Күбенов топтасқан топ жеңіс тұғырынан көрінді.

Үстел теннисі бойынша «Топар ГРЭС» ЖШС-нен Михаил Лелеко Евгений Тимофеев және Кристина Стрельцовадан жасақталған топ көш бастады.

Шаңғы жарысы бойынша «Мэйкер» ЖШС-нен Владимир Синельников, Нұрғазы Абзалбек пен Юлия Кузнецовадан құралған топқа тең келер ешкім болмады.

Шаңғы жарысында әйелдер арасында жеке есепте «Мэйкер» ЖШС-нен Юлия Кузнецова І орынды, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС намысын қорғаған Гүлнұр Дүйсенбекова ІІ орынды, «Балқаштүстіметалл» ӨБ-нен Әсем Дәрімбекова ІІІ орынды иеленді.

Ерлер арасында «Қарағандытүстімет» ӨБ-нен І орын Мұхаммед Егінбайға, ІІ орын «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС (Жезқазған қаласы) Нұрболат Қалахметовке, ІІІ орын «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС (Балқаш қаласы) Айбол Ақмысқа бұйырды.

Футболда «Үздік ойыншы» аталымына «Қазақмыс Barlau» ЖШС-інен Еркін Мыңбаев лайық деп танылды. «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нің еңбеккері Әшім Сұлтанәли «Үздік қорғаушы» атанды. «Топар ГРЭС» ЖШС-нен Андрей Першин «Үздік қақпашы» атағына қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте «Жезқазғантүстімет» ӨБ спортшылары жеңімпаз деп танылды. ІІ орынды «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің командасы иемденсе, ІІІ орын «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС спортшыларына бұйырды.

Спартакиада жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру