Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Жезқаланы жылумен қамтып отыр

22 желтоқсан – Энергетиктер күні

20.12.2024
- Мұқаба
0
Жезқаланы жылумен қамтып отыр
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған жылу, электр орталығынан таратылатын жылуды шашау шығармай шаһарға жеткізуде  «Жезқазған жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-ның орны бөлек. Әсіресе, кәсіпорын құрамындағы энергоқызметі цехы энергетиктерінің қыстың көзі қырауда мысты қаланы жылумен қамтудағы еңбегі сүбелі.

Елімізде жыл соңында аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай біз осы цехқа арнайы атбасын бұрған болатынбыз.

Денис Гималетдинов  басшылық жасайтын бұл цехтың ұжымы шағын болғанымен атқарар қызметі ауқымды.  Цехта 9 адам еңбек етуде. 8 сорғы құрылғысы тұрақты жұмыс істеп тұр.

– Біздің басты міндетіміз – жылу маусымы кезінде жылуды қалаға жеткізу.  Қазіргі таңда сегіз сорғы қалаға күндіз-түні жылу беріп тұр.  Қондырғылардың  уақытылы жұмыс істеуіне баса мән береміз. Цехта алты электр-слесарь, екі бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика маманы бар. Жұмысымызды жүйелі атқару арқылы қаланы қыс мезгілінде жылумен қамтуда ұжымдағы мамандар өздерінің кәсібилігін көрсете білуде. Аға буынның қатарында Андрей Борисовтің тәжірибесі жастарға үлгі. Цехтағы сорғы қондырғылары жаз мезгілінде жөндеу жұмыстарынан өтіп, жылу беруге дайындалады, – деді Денис Ринатович. Энергоқызметі цехы маңызды нысан ретінде өзінің жұмысын әр маусымда жүйелі атқарып келеді.

Суретте (солдан-оңға қарай): цех еңбеккерлері Игорь Бондаренко, Мадияр Есимхан, Любовь Давыдова, Бибарыс Орынбеков, Денис Гималетдинов және Айтжан Ақшолақов.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу36Твитерге22

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру