Бейсенбі, 22 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Жерлестеріміздің мерейі үстем болды

15.09.2023
- Мұқаба
0
Жерлестеріміздің мерейі үстем болды
134
БӨЛІСТІ
372
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Газетімізде бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне облыста топ жарған Доспановтар әулеті шыққан еді. Нәтижесінде жерлестеріміздің мерейі үстем болып, республикалық турдан да жүлдемен оралды.

Доспановтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңінде лауреат атанып, 1 миллион теңгеге ие болды. Жүлделі сертификатты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

Орайы келгенде айта кетейік, Доспановтар отбасы – 11 бала, 29 немере, 26 шөбере тәрбиелеп, 1 шөпшек сүйіп отырған үлкен әулет. «Қазақмыс» корпорациясының құрылымында бір үйлі жанның бір салада еңбек ету үрдісін жалғастырып келе жатқан дәстүрге бай отбасының өндірістегі жалпы еңбек өтілі 400 жылдан асады.

Әулетбасы – Қойшыбек атамыз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген металлургі, КСРО Құрметті металлургі, «Октябрь революциясы» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері. Әке өнегесін жалғастырған балалары да металлургтер әулетінің мерейін көтеріп келеді. Ұлы Абдрашит Доспанов мыс зауытының бетке ұстар металлургтерінің бірі. 40 жыл жұмыс өтілі бар. Еңбек даңқы медалінің толық иегері. Мыс зауытындағы «Еңбек даңқы» медалінің кавалері» атағына ие болған алғашқы металлург.

«Ат тұяғын тай басар» дегендей, Абдрашиттің бастамасын бауырлары да құп көріп, қазіргі уақытта Доспановтар әулетінен 10 адам өндірісте еңбек етуде.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу54Твитерге34

Көп қаралған

  • Жала жабу дегеніміз не?

    Жала жабу дегеніміз не?

    184 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Қараусыз қалған шағынаудан

    112 бөлісті
    Бөлісу 45 Твитерге 28
  • Қазақмыс кеніштердің өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда

    77 бөлісті
    Бөлісу 31 Твитерге 19
  • Жерлестеріміздің мерейі үстем болды

    134 бөлісті
    Бөлісу 54 Твитерге 34
  • Ұлытаудан – Кипрге

    118 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 30
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру