Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жаңаарқалық дәрігерлердің жарқын қадамы

Алғашқы рет Ұлытау облысының аудандық ауруханасында лапроскопиялық ота жасалды

16.08.2024
- Бәрекелді!
0
Жаңаарқалық дәрігерлердің жарқын қадамы
85
БӨЛІСТІ
235
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасы еліміздегі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы орталық аудандық ауруханалар етіп қайта құрылатын 32 орталық аудандық аурухананың қатарына кірді. Бұл жөнінде газетіміздің өткен номерінде жазғанбыз.

«Жаңаарқа ауруханасының дәрежесі өсті» деп аталған сол мақалада Жаңаарқа аудандық ауруханасында ауылдық аудан орталығында «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде толық көлемде шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ, қалалық, облыстық клиникаларға бармай-ақ мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті қамтамасыз етуге жағдай жасауды көздейтін үлкен дайындық жұмыстары басталғанынынан да хабардар етіп едік.

Алғашқы оң нәтижелер өзін көп күттірмеді десе болады. Үстіміздегі жылдың 8 тамызы күні аудандық ауруханада алғаш рет жедел аппендицитпен ауырып түскен науқасқа лапароскопиялық аппендэктомия операциясы жасалды. Жаңаарқа хирургтері мұндай ота жасау мүмкіндігіне медицина мекемесінде биылғы жылы орнатылған аз инвазивті эндоскопиялық араласуларға арналған жүйе арқасында ие болып отыр. Жабдықтарды сатып алуды Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы қаржыландырған.

Эндоскопиялық құралдар икемді немесе қатты эндоскопты қолдана отырып, аз инвазивті хирургиялық араласуға арналған. Бұл жабдық ішкі ағзалардың жағдайын дәл диагностикалауға, бар ауруларды зерттеуге және дұрыс емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді. Осындай заманауи, жоғары деңгейдегі жабдықты пайдалана отырып, хирургиялық операцияны орындау Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының денсаулық сақтау саласы үшін үлкен жетістік және тарихи оқиға болып табылады.

Жоғары санатты білікті хирург Ибрагим Сайлаубайұлы жасаған аудандағы алғашқы эндоскопиялық операция сәтті өтті. Науқастың жағдайы тұрақты. Болашақта мұндай хирургиялық операциялар жоспарлы түрде жүзеге асырылмақ.

Ай НУРИ.

Бөлісу34Твитерге21

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру