Жезқазғанда коммуналдық қызметтердің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылы үшін «Smart Alan» қалалық қызметтер порталы іске қосылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы тапсырмасын орындау аясында және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайларды жою мақсатында әкімшілік процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін озық технологиялық шешімдер тәжірибеге белсенді енуде.
«Бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық кәсіпорындардың қызметтерін алу үшін «Smart Alan» цифрлық порталын өз жұмысын бастады.
– Астана қаласының тәжірибесіне сүйене отырып біз Ұлытау облысында табиғи монополиялар субъектілерін автоматтандыру бойынша жұмысты бастадық. Мақсат қағаз жүзінде беретін өтініштерді электронды форматта беруге мүмкіндік беру, – дейді Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы Аяулым Болат.
Жезқазғанда монополист компаниялар кеңсесі қаланың әр бұрышында орналасқан, ал жекелеген қызметтер үшін Сәтбаев қаласында орналасқан коммуналдық кәсіпорындарға бару қажет. Аталған жаңа портал жұмысты жеделдетуге де әсерін бермек.
Енді қос қала тұрғындары үшін үйде отырып-ақ өтініштерін қарауға мүмкіндік туды. Жылжымайтын мүлік сатып алуды енді үйден шықпай-ақ электронды түрде рәсімдей аласыз.
Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы бұдан әрі облыстың барлық табиғи монополиялар субъектілері мен коммуналдық қызметтерін «Smart Alan» порталына қосуды жоспарлап отыр, онда бүгіннің өзінде 3 кәсіпорын бойынша 30-дан астам қызмет автоматтандырылған.
Айта кетейік, портал осы жылдың 17 қарашасынан бастап тұрғындарға қызмет көрсетуде…
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.