Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Жайлы жағдай – өнімді еңбек кепілі

03.05.2024
- Бағдар
0
Жайлы жағдай – өнімді еңбек кепілі
91
БӨЛІСТІ
253
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қарағанды өндіріс алаңындағы ірі кен орны «Нұрқазған» кенішінің жұмысшыларының қолайлы жағдайда жұмыс жасауы үшін корпорация қолдау танытып келеді.

Кеніштің әкімшілік-тұрмыстық ғимаратының шағын болуына байланысты мұнда жұмысшылардың киім ауыстыратын бөлмелері, жуынатын жерлері аядай ғана болатын. Осы мәселені алға тарта отырып, кеніш директоры Мұқан Үңгітбаев жаңа 300 орындық ғимаратты салуға бекінген болатын. Ойға алған шаруа оңымен жүзеге асып, наурыз айында жұмысшыларға бөлек орын берілді. «Нұрқазғанға» кезекті сапарымда «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов ғимараттың жай-күйімен таныстырды.

Еңбеккерлердің жуынатын кабинкаларынан бастап, медициналық тексеруден өтетін бекет, шам беру бөлімі жаңаша кейіпке енген. Арнайы кептіру орны да қарастырылған.

Кеніштің шағын ғимаратында орналасқан аталмыш бөлім қызметтері енді жеке орында көрсетіледі. Осыған дейін тарлық етіп келген ғимараттың мәселесі оң шешімін тапты. Енді шам беру бөліміне кәсіподақ тарапынан желдеткіш алып беруді көздеп отырмыз. Ғимараттың айналасы абаттандырылатын болады, – дейді Айбын Сәтбекұлы.

Шам беруші Светлана Байбатшаевамен тілдескенімізде: – Бір мезетте үш жүз жұмысшыға қызмет көрсететін ғимараттың кеңдігі жұмыс істеумізге ешқандай кедергі келтірмейді. Көптен бері қозғалып келген мәселенің оң шешімін табуына ұйытқы болған кеніш басшылығына, кәсіподаққа көпшілік алғысын арнауда, – деді.

Еңбек өнімділігін арттыру әуелі жұмысшының әлеуметтік мәселесін шешумен тікелей байланысты. Сондықтан «Нұрқазған» кенішінің жұмысшылары үшін тағы бір игілікті іс тың серпін беретіні хақ.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу36Твитерге23

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру