Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Есте қалар ай болды

28.04.2023
- Қоғам
0
Есте қалар ай болды
87
БӨЛІСТІ
242
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Биылғы қасиетті Рамазан айының көктемі ерекшелігімен есте қалар ай болды. Халқымыздың мақтанышы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні
12 сәуір ораза айымен тұспа-тұс келіп жадыраған жаздай ашық әрі жылы болды.

Жылдағы дәстүр бойынша Қанекеңнің ескерткіші алдында салтанатты жиын, ескерткішке гүл қою рәсімі болды. Қ. Сәтбаевтың туған күніне құрметті қонақ болып келген академик Ә. Марғұлан мен Р. Сәтбаеваның қыздары Әнел Әлкейқызы мен Қанекеңнің жиені Әділ Жүнісов ақсақалды жиналған қауым зор қошеметпен қарсы алды. Жиын соңында құрметті қонақтар Ш. Ділдебаев атындағы Мәдениет сарайының Қ.Сәтбаев мұражайы бөлмесінде естеліктермен бөлісті. Қала әкімі Шапағат Әубәкірұлы алғыс айтумен бірге сый-сиапат жасап, иықтарына шапан жапты.

Он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ауызашар беру арқылы қасиетті айдың мәртебесі көтеріледі десек, Ұлы ғалымның туған күні «Қазақмыс» корпора-
циясы басшылары да ауызашар дастарқанын жайып үлкен сауапты іс-шара өткізді. «Ерден» көшесінде бой түзеген жаңа мейрамханаға 600-дей адам жиналса
жамиғатпен бірге қала басшылары да болды. Ұлытау облысының бас имамы Елдос Жұмаділда ауызашар дұғасын оқыды және жиналған қауымға Рамазан айының қадыр-қасиетін түсіндіріп, бұл айда сауапты істерді жиі атқарсақ рухани кемелдене түсетінімізге тоқталды.

Алдағы Қадыр түнінде тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болып және бұл түнді тиімді пайдаланып құр жіберіп алмауға шақырды. Осыдан тура бір жұма өткенде 19 сәуір, сәрсенбі күні аталмыш мекеме басшылары және бір ауызашар ұйымдастырды. Бұл жолғы сауап іс Жезқазған қаласындағы «Байқоңыр» қонақ үйі мейрамханасында өтті. Ауызашар барысында Сәтбаев қаласының бас имамы Қондыбай Ақпаров қасиетті Рамазан айы туралы, өткен Қадыр түні оқылған дұғаларымыздың сауаптан болуына және алдағы ораза айт туралы ғибратты уағыздар айтты. Жиналған барша мұсылман қауымына оразадан оразаға, айттан айтқа басымыз аман, бауырымыз бүтін жете берейік деген ізгі тілегін білдірді.

Жәми Тұрсынбаев,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Суретте: (сол жақта) Әнел Әлкейқызы.

 

Бөлісу35Твитерге22

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    197 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 49
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру