Қарашаның 25-26 күндері Астана қаласында логистика және көлік-инфрақұрылымы компаниялары еңбеккерлерінің арасында екінші мәрте «Kazlogistics Cup» турнирі өтті.
Бұл бәсекеде «Қазақмыс» компаниясының жүк тасымалын ұйымдастырушы «Транко Нұра», «Транко Жез» ЖШС мен «IT Kazakhmys» командасы бақ сынады. Ойынға қатысқан 24 команданың арасынан «Қазақмыс» компаниясы тобы еңбеккерлерінің «Транко Нұра» командасы бірінші орынды жеңіп алса, «Транко Жез» командасы үшінші орынға табан тіреді.
Елордадан жүлдемен оралған «Транко Нұра», «Транко Жез» ЖШС командаларын кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Жалпы, «Kazlogistics Cup» турнирі 2022 жылы өз бастауын алған болатын. Оны ұйымдастырудағы мақсат – логистика және көлік-инфрақұрылымы компаниялары еңбеккерлерінің ынтымағын бекемдей түсіп, еңбекке деген құлшыныстарын арттыру. Атап өткен жөн болар, «Қазақмыс» компаниясы тобын еңбеккерлерінің намысын осынау бәсекеде қорғаған үш командаға да «КәсіпҚорған» кәсіподағы қаржылай қолдау көрсетті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.