Сейсенбі, 15 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Білікті бригадир

22.12.2023
- Еңбек адамы
0
Білікті бригадир
92
БӨЛІСТІ
256
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Күміс күннің шуақты шапағы жанарды жасқағанмен, қыстың күш ала бастағанын желдің ызғары бірден байқатады. Абай көшесінен солға бұрылған кеншілерді тасымалдайтын автобус батысты бетке алды. Бойына жылу жүгіріп, денесі жылына бастаған Досбол қалжың қағыстырып, қауқылдасқан әріптестеріне онша көңіл аудармай, тәтті ойдың құшағына құлап бара жатты…

«Батыс» кенішінің таңдаулы проходкашылар бригадирі Досбол Аппазов кенші әулетінен шыққанын қашанда мақтаныш тұтады. Әкесінің ағасы Ерзақ Аппазов аймаққа танымал айтулы стахановшы еді. Мереке-той сияқты салтанатты сәтте қос омырауын орден-медаль көмкерген қара костюмін киіп алатын. Өзіне сондай жарасатын. Бала Досболға қаптаған орден арасынан «күн көсемнің» бейнесі бедерленгені айрықша ұнайтын. «Өскенде ондайды өзім де аламын» деп, қиялданып қоятын. Бұл өңірде орден түгіл, кеншілікті армандамайтын бала кемде-кем шығар?!

Әкесі Өмірзақ та кеншілікті кәсіп қылды. Бүгінде өзі тер төгіп жүрген №67/70 шахтада еңбек етті. Кен өндіру үшін туғандай қажырлы еді. Қолынан «қайласы» түспей, осыдан отыз жыл бұрын өмірден озды. Онда Досбол Рудник кентіндегі №2 мектептің бастауыш класында оқитын. Жеті бала: төрт ағасы – Еркін, Ерлан, Ербол, Есбол, екі қарындасы – Әсел мен Асыл анасы Сәуле Молдагерееваның аялы алақаны, жанкешті тірлігінің арқасында ешкімнен кем болмай ержетті, әрқайсысы өмірден өз орнын тапты.

Досбол кеншілікті қалады. Мектепті бітіріп, екі жыл Қапшағайдағы әуе-десант әскерінде екі жыл Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп оралғасын «Батыс» кенішінің №67/70 шахтасына жұмысқа тұрды, бір кезде әкесі шахтада шыңыраудың шаңын қаққан кәсіпорын табалдырығын аттады. Бұл оған өмірдегі сәйкестік емес, тағдыры тарту еткен сындарлы сынақтай көрінді. Жас та болса жан-дүниесі жанартаудай сілкініп, жауапкершілік салмағын сезінді.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

Забойшылар сапынан орын алды. «Кеншілер патшалығында» талай кен қатпарына бұрғы бойлатып, шпур бұрғылады. Қопарылған жентек-жентек кенді өңдеу кәсіпорнына жөнелтіп жатқанда кеудесін мақтаныш сезімі кернеді. Төрт жылдан кейін проходкашылар қатарына қосылды. Енді іргелі кен дайындығын қолға алып, бұрынғы әріптестері үшін кен көмбесіне жол салуға кірісті. Өзі де сындарлы жолдан өтті. Проходкашылар бригадасының тізгінін тоғыз жылдан бері берік ұстап келеді.

Өмірдің тағы бір ұқтырғаны – кәсіби тұрғыда біліміңді жетілдіріп отырмай, өр тынысты өндірісте өзекті тұсты тап басу қиын екен. Колледж – қалаған кәсібіңнің «әліппесі», шығар биіктің бастапқы баспалдағы ғана. Тау-кен техникумынан кейін де тоқтап қалмады. Өндістен қол үзбей жүріп ЖезУ-де пайдалы кен қазбаларын өңдеу мамандығы бойынша жоғары білім алды. Кен өндіру тек қара күшке сүйеніп тас қопару емес, тұнып тұрған ғылым екеніне көзі жетті. Қазір универститетте тау-кен ісін оқып жүр. Келесі жылы бітіреді.

Әмбебап бригадасына бірыңғай таудың тасындай жігіттер жиналған. Кен қопаратын звеноның жетекшісі Арман Өтебаевтың бір өзі неге тұрады?! Оған звено жетекшісі Ғинаят Ергазинов, кен өндіру кәсібінің «жілігін шағып, майын ішкен» Ардақ Тайгөленов, Айтуған Оспанов. Мұрат Әбішев қосылса қамал бұзар қалың жасаққа айналады. Кейде кеніште қалжыңдап бұларды «бригадирлер бригадасы» деп жатады. Ол да негізсіз емес, сірә, Мұрат, Ардақ, Арманның кезінде бригада басқарғанын мегзегені болса керек.

Өзінің пайымдауынша, бригадада осал жігіт жоқ. Бұрғылау қондырғысын күтіп-баптайтын шеф-слесарь Ғалым Есенов, оның әріптесі Әбдісағит Оразалы, бас механик бөлімінен Әбдіразақ Бейсенов пен Аян Ахтанов, кен қопарушы Ержан Қалиев, Жалғас Нұрмағанбетов, Еркебұлан Әбдірахманов кез-келген тапсырманы тиянақты орындайды. Қатарға кейін қосылған Ғаламат Сазанбаев пен Ерболат Әбіжановқа да үлкен үміт артады, қолынан келгенше қолдап, жігерлендіріп жүреді. Бригаданың айына 150 қума метр проходканы қиналмай өтіп отырғаны – осы жігіттердің арқасы.

…Автобус кеніш ауласының алдына тоқтай қалғанда Досбол әсерлі ойдан арыла алмай, сәл отырып қалды. Кеншілер қопарыла көтерілгенде, еріксіз көппен бірге сыртқа шықты. Қарсы алдында қасқайып шахта мұнарасы тұр. Ол адымдап алға озды.

Кең аулаға кіргенде көзі бірден күлімдеген бөбек бейнесі бедерленген тақтадағы: «Әке, абай болыңыз! Біз Сізді үйде күтеміз!» деген жүрекке жылы тиетін сиқырлы сөзе түсті. Зайыбы Әсел екеуі тәрбиелеп отырған алды – 11, кенжесі үш жастағы үш баласы бірден ойына оралды.

Ширығып алған білікті бригадир шахта ғимаратына кіріп бара жатты…

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

Суретті түсірген автор.

 

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

11.07.2025
Автопарк жаңарып жатыр

Автопарк жаңарып жатыр

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру