Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Білікті бригадир

22.02.2024
- Еңбек адамы
0
Білікті бригадир
93
БӨЛІСТІ
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кен-байыту кешенінің құрамындағы кен өндіруші Оңтүстік Жезқазған кеніші өңірдегі алыптардың қатарында. Өткен ғасырда Қазымхан Кентаев, Әубәкір Құсайынов, Демберген Баймағанбетов сынды Социалистік Еңбек Ерлерінің даңқын асқақтатқан өндіріс ошағы бүгінде өзінің еңбек озаттарымен мақтанады.

«Оңтүстіктің» құрамындағы алып № 65 шахтаның ұжымы кен өндіру жағынан жоспарға сай жұмыс істеп келеді. Мұндағы телімдердің қай-қайсы болсын ортақ іске лайықты үлес қоса білуде. Сөз еткелі отырған кейіпкерім осы аталмыш шахтаның № 17 телімінде электровоз машинисі болып еңбек етеді.

Түсті металлургияның бастау бұлағы болған Қарсақбай кентінде дүние есігін ашқан Сенбек Ержанов, осындағы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, № 13 кәсіптік-техникалық училищеде электрмен дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алды.

Тоқсаныншы жылдардың тұсындағы тоқырау шағын қалашықтың да тағдырына қатты әсер етті. Жұртшылық жұмыс бабымен іргелес Сәтбаев, Жезқазған қалаларына қоныс тепті. Сенбек Ержановтың да отбасы кеншілер қаласына келіп, тұрақтады.

1998 жылы Сенбек Сәрсенбекұлы кеншілер шаһарындағы жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнына слесарь болып орналасты. Осы тұста оның әкесі Сәрсенбек Ержанов Оңтүстік Жезқазған кенішінің № 65 шахтасында электровоз машинисі болып еңбек етіп жүрді. Сенбек әке жолымен 2003 жылы шахтаға ауысып, шыңыраудан кен шығарудың қым-қуыт тірлігіне араласты. Міне, содан бері 21 жыл өтті. Сенбек Сәрсенбекұлы таңдаған кәсібіне адалдық танытып келеді.

– Дәнекерлеушіден электровоз машинасын тізгіндеуші болып, шахтаға келуіме әкем түрткі болды. Ол кісінің күнделікті атқарып жүрген жұмыстарын дастарқан басында ар-тұра құлағым шалып қалатын. Мен де шахтаға түсіп, кенші болсам деген арманның жетегіне ілестім. Сөйтіп, әкемнің ақылымен шахта дейтін шыңырауға түстім. Кен өндіру қауіп-қатері басым жұмыс болғанымен, батылдықпен осы кәсіпке келдім. Әкемнің ақыл-кеңесімен біраз шаруаны үйрендім. Техниканы басқарудан бастап, кенді тасымалдаудағы қауіпсіздікті ескеру, жоспарды уақытында орындау сынды міндеттерге баса мән бердім. Атқаратын жұмысың өзіңе де өзгеге де зиян келтірмейтіндей әрекеттер жасауға дағдыландым. Мұның барлығы өндіріс үшін бұлжымас қағида деп білемін.

Біздің № 17 телімнің бір ауысымында 25-ке тарта адам еңбек етеді. Олар да берілген тапсырманы қауіпсіз әрі сапалы орындап шығуға бейімделген. Өзім бригада жетекшісімін. Бригадамдағы жігіттер «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бекіткен өндірістегі қауіпсіздік саясатын орындауда белсенді. Кен өндірудегі басты ұстанымымыз – қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру. Бұл тұрғыдан алғанда біздің ұжым оң нәтижеге қол жеткізіп келеді. Жылына бір рет 10 күн қауіпсіздік саясаты бойынша курс өтеміз. Мұның барлығы еңбек жағдайын жақсартуға, өз өміріңді өндірісте қорғауға ықпал етеді. Дархан Маханов басшылық жасайтын телімнің өндірістік жоспарды игеру мен қауіпсіздік саясатын күшейтудегі жетістігі мол деп айтуға толық негіз бар, – дейді Сенбек Сәрсенбекұлы.

Білікті бригадир Сенбек Ержанов – еңбекқорлығымен басшылықтың ықыласына кенеліп жүрген өндіріс озаты. Жеті қат жер астында жүріп, кен тасымалдауда үздіктер сапынан көрінген Сенбек Сәрсенбекұлының алар асулары әлі алда.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу37Твитерге23

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру