Жексенбі, 15 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мезгіл мәселесі

Бедеулік – үкім емес

Ұлытау облысының жаңалықтары

31.03.2023
- Мезгіл мәселесі
0
Бедеулік – үкім емес
84
БӨЛІСТІ
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында жасанды  жолмен бала табуға ниет білдірген әйелдердің қатары көбейген. Мамандар мұның әртүрлі себебі бар деп отыр. Биыл аймаққа мемлекет тарапынан 111 квота бөлінді. Бұл кезекте тұрған әйелдердің 70 пайызы ана болу бақытына қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды дегенді білдіреді.

ЭКО-ның көмегіне жүгініп анна атанғандардың бірі – Қарлығаш Любенчук. Сәтбаев қаласының тұрғыны құшағындағы ұлын жиырма жыл зарыға күткен. Осы аралықта репродуктивті технология әдісіне ақылы түрде үш реет жүгініп, сәтсізаяқталған. Үміті үзілуге шақ қалғанда, квота арқылы 41 жасында ұзақ жыл аңсаған сәбиін бауырына басты.

– Мен дәрігерлерге толықтай сендім. Өйткені олар бізге көңілімізді жайландырып, сапалы қызмет көрсетуге ұмтылып бақты, – дейді Қарлығаш Любенчук. – Міне, енді жылдар бойы аңсаған арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Бала көтере алмай жүрген келіншектерге айтатыным, уақытты жоғалтпай, барыңыздар. Үміттеріңізді үзбеңіздер. Ана боласыздар!

Аймақта жасанды жолмен сәби сүйгісі келетіндер көбейген. Мамандар бұған біріншіден, бедеулік пен белсіздік диагнозы қойылғандардың қатары артқаны себеп деп отыр. Сондай-ақ, адамдар денсаулығына салғырт қарайды. Экологиялық әрі әлеуметтік факторлардың ықпалы тағы бар. БиылҰлытау облысында 165 әйел квотаға үмітті. Тегін жолдамаға солардың 111-і ғана қол жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыз жетектеген келіншек  Иә, «жетелеген» емес, «жетектеген»!

Қыз жетектеген келіншек Иә, «жетелеген» емес, «жетектеген»!

14.02.2025
Ерден көшесінің  жолы – қырық жамау!

Ерден көшесінің жолы – қырық жамау!

06.12.2024

Облыстық ана мен баланы қорғау қызметінің басшысыМахаббат Ерденованың айтуынша, ЭКО арқылы сәбилі болуға үмітті аналар ең алдымен міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқорында тіркелуі керек. «18 бен 42 жас аралығындағы әйелдерді алып жатырмыз – дейдіол. – Оның ішінде ол әйелдерде психикалық-соматикалық аурулар болмау керек. Сау болуы шарт. Эндокриндік, қатерлі ісіктер – онкологиялық аурулар болмауы қажет. Бедеулігі бар жұптарды ЭКО жасатуға шақырамыз. Қазір 1-2 жыл жұптар бала көтермедік деп ажырасы пкетіп жатыр ғой. Сондай болмас үшін ЭКО-ға тегін жылдан жылға өтуге ұмтылу керек. Мысалы, осы жылы сәтсіз аяқталғанның өзінде келесі жылы ол кісі қайтадан квотаға тіркеле алады.»

Сәби сүйеміндегендер алдымен репродуктолог-маманмен кеңесулері керек. Алайда Ұлытауда мұндай дәрігер жоқ. Ерлі-зайыптылар қажетті анализді өзге облыстарда тапсырады. Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде қосалқы репродуктивтік технологиялар қызметін орындайтын 30 жуық клиника жұмыс істейді. Олардың көбі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсетеді. Яғни, жасанды ұрықтандыруды тегін жасату мүмкіндігі артып келеді.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру