Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Батырлар даңқын асырып

18.11.2022
- Жаңалықтар
0
Батырлар даңқын асырып
102
БӨЛІСТІ
282
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

      Елордасы — Астана қаласында 11 қарашада тұңғыш рет  «Тәуелсіз Қазақстанның Халық батырлары»  республикалық қоғамдық бірлестігінің І-республикалық  конференциясы өтті.

Оған облысымыздан егемендік алған жылдардан бері  қарапайым еңбек адамының қатарынан  алғаш «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған  Батыс кенішінің  бригадирі, даңқты кенші Тұрсынбек Макишев қатысып қайтқан болатын. Тұрсынбек Шамбылұлы алқалы жиыннан алған әсерін бізбен бөліскен болатын.

«Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев бастаған еліміздің әр өңіріндегі Халық қаһармандары мен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген 40-тан аса азамат бас қосқан жиынға арнайы қатысып қайттым, – дейді ол.

– Жиында Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев әр салада жетістікке жетіп,  ел құрметіне ие болған азаматтарды кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру арқылы ұлтымыздың салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша ықпал етуге шақырды.

Бүгінгі таңда елімізде 9 Халық қаһарманы,  35 «Қазақстанның Еңбек Ері»  бар. Алқалы бас қосуда Халық қаһармандары мен Еңбек Ерлерінің ерліктерін паш ете отырып, азаматтарды патриотизм мен жауапкершілікке дағдыландыруды жүзеге асырудың жолдары талқыланды.

Алқалы жиын барысында бірлестіктің кеңес мүшелерін сайлау,  бірлестіктің Тұжырымдамасын бекіту,  аймақтарда бірлестіктің филиалын ашу туралы мәселелер талқыланды. Аладағы уақытта аймақтарда бірлестіктің  филиалдарын құру жоспарда бар.

Конференцияға қатысу арқылы мен  әр салада жетістікке жетіп, Халық қаһарманы мен Еңбек Ері атағын иеленген  ел жанашырларымен пікірлесе отырып, жан-жақты тәжірибе алмасып қайттым.  Ел батырларының даңқын асырған конференция мен үшін ерекше әсер қалдырды.

Бұл конференцияның негізгі мақсаты — Халық қаһармандары мен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген ел азаматтарын кеңінен насихаттап, қоғамға сіңірген еңбектерін кейінгі буынға паш ету. Жасыратыны жоқ, қазір Халық қаһарманы мен Еңбек Ері атағын алған азаматтарды көпшілік тани бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыруда «Қазақстанның Халық батырлары»  қоғамдық бірлестігі жұмыс атқармақ.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру