Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

«Баспанамыз бақыттың ордасына айналды»

21.01.2022
- «Қазақмыс»: қолдау
0
«Баспанамыз бақыттың ордасына айналды»
90
БӨЛІСТІ
250
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы басшылығының қамқорлығының арқасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық торқалы тойында баспанаға қол жеткізген электр жабдығына сервистік қызмет көрсету жөніндегі басқарманың жұмысшысы Алмаз Сламахунов осылай деп ағынан жарылды.

Сегіз баланың әкесі Алмаз басқармаға қарасты Шығыс Жезқазған кеніші №55 телімде электрслесарь болып еңбек етеді. Қасиетті қарт Ұлытаудың тумасы Алмаз бұл баспананы ұзақ күткенін айтады.

– Шаңырағы биік, керегесі кең жеке баспанаңның болғанына не жетсін? Үйдің кезегіне Жезқазған қаласындағы жылу, электр орталығында еңбек етіп жүргенде тіркелген болатынбыз. Кейде кезектің жылжымай жатқанын білгенде үмітімізді үзген кездер де болды. Азын аулақ айлықпен баспана алу арманға айнала ма деп жүргенде «Қазақмыс» корпорациясы көптен армандаған баспанамыздың кілтін табыс етті. «Бұйырған кетпейді» деген қазақтың сөзі шын екендігіне көзіміз жетті. Төрт бөлмелі баспана сегіз баланың ырыс-несібесі деп білеміз. Мен өзім де көп балалы отбасынанмын. 13 бауырым бар. Жаңа баспана міне, енді бақыттың ордасына айналды, – дейді Алмаз.

Сегіз құрсақ көтерген Айжан Шаріпова корпорациядан қоңырау шалып: «Сіздерге пәтер кілті беріледі» деп хабарлағанда «балаша қуандым» дейді.

Осы баспанаға қол жеткенге дейін ата-анамыздың қолында, кейіннен Жезқазған, Сәтбаев қалаларында үй жалдап тұрдық. Өте қиын болды. Хабарласып, баспанаға ие болғанымызды естігенімде балаша қуанып, көзіме жас та келді. «Қазақмыс» корпорациясының көп балалы отбасыларға деген мұндай қамқорлығына біз дән ризамыз. Бізге бұл баспана құтты шаңырақ боларына сенемін, – дейді Айжан.

Алмаз 14 жылдан бері энергетика басқармасында жемісті еңбек етіп келеді. Ұжымына сыйлы азамат баспаналы болып, мерейі өсті. Зайыбы Айжан Сәтбаев қаласындағы емханада медбике болып жұмыс істеген. Қазір отбасының сегізінші перзенті 2 айлық Абдулахтың күтімімен үйде.

Жаңа қоныста балаларының жарқын күлкісін естіп жүрген Алмаз бен Айжан бақытқа бөленуде.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу36Твитерге23

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    198 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 50
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру