Ұлы жеңістің 78 жылдығында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «КәсіпҚорған» кәсіподағының өкілдері қазіргі таңда серіктестік құрамына кіретін кәсіпорындарда ұзақ жылдар еңбек еткен 462 тыл еңбеккерінің шаңырағында болды.
Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтап, өндірісті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтылып, азық-түлік пакеттері мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Римма Демьяненко, Хамит Әлібеков пен Иван Куценко және басқалар келген қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, өздерінің еңбек жолдары туралы әңгімеледі.
Қарағандылық Иван Куценко кәмелеттік жасқа толмағандықтан майданға алынбаған. Бірақ оны сұрапыл соғыс жылдары тез есейтті. Оныңеңбекжолындағы даңқын арттырған орны Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты болды. Олзауытта жарты ғасырдан аса еңбек етті. Ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту ордені және «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды. Осы зауыттан құрметті еңбек демалысына шықты.
Тоқсанның үшеуіне келген Иван Ивановичтің бүгінде құлағы нашар естиді және баяу қозғалады, осыған қарамастан қонақтарды өзі қарсыалды. Өзіне көрсетілген құрметке алғысын білдірген қария бүгінде кәрілікке ғана шағымының бар екенін айтып әзілдеді.
«Қазақмыс» копорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.