Бейсенбі, 10 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

18.08.2023
- Бәрекелді!
0
Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды
213
БӨЛІСТІ
592
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жуырда оңтүстік астана – Алматыдан қуанышты хабар келіп жетті. Жерлесіміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы – Ғалым Мұхамедин Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры атағын алды.

Әрине, «Құрметті профессор» атағы оңды-солды таратыла беретін қатардағы атақтардың бірі емес. Оның салмағы да, дәрежесі де зор. Оған қол жеткізу үшін төгілер тер де, алар асу да ерекше. Ғалекең осы үрдістен көріне алды. Ол – қазақ әндерін алыс-жақын шетел сахналарында шырқаған дүлдүл өнерпаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, республикалық конкурстардың жеңімпазы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің  және бірнеше мәртебелі марапаттардың иегері. Жезқазған филармониясының іргетасын қалаушылардың бірі, Т. Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының ардагер әншісі, ел жадынан өшіп, санаулы адамдардың санасында сақтап қалуымен ғана жоғалып кетпеген ескі әндерді жинап, насихаттаушы. Тайжан әндерін тірілтуші, ел кәдесіне жаратушы. Тәлімгер-ұстаз. Ғалекеңнің атақ, абыройлары осылай тізбектеліп кете береді.

Есімі исі қазаққа мәлім дүлділ әнші Ғалым Мұхамедин өзінің саналы ғұмырының 30 жылын шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Жезқазған қаласындағы музыка колледжінде дәстүрлі әндерден дәріс беріп, жетпіске жуық шәкірт тәрбиелеп шығарды. Шәкірттері бүгінде еліміздің әр аймағында бірі әнші, бірі мұғалім, бірі мәдениет саласының қызметкері болып жемісті еңбек етіп жатыр.

Ғалекең Тайжанды өзіне өмірлік рухани азық еткен жан. Ел арасында «ақын Тайжан», «Тайжекең» атанған от ауызды, орақ тілді ақын, сазгер, заманының дүлділі де, бұлбұлы да болған Тайжан Қалмағанбетұлының соңында қалған мол мұраны зерттеп, тереңіне үңіліп жүрген жоқтаушысы, жинақтаушысы. Әніне елі сүйсінген, жырын жадында сақтаған Тайжан ақын жайлы жалықтырмайтын ұлағаты мол мұраларды насихаттап, бүгінде Тайжан Қалмағанбетов атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың Республикалық байқауын да бірнеше дүркін өткізді. Осылайша, еліміздің әр өңірінде Тайжан әндерінің кеңінен насихатталуына мұрындық болды. Міне, осының бәрі Ғалекеңнің – Ғалым Мұхамединнің «Құрметті профессор» атануына берік негіз болып қаланды.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу85Твитерге53

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Мың жарым балаға жазғы лагерь қуаныш сыйлады

    87 бөлісті
    Бөлісу 35 Твитерге 22
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру