Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Әлемдегі 50-дің бірі атанды!

14.03.2024
- Бәрекелді!
0
Әлемдегі 50-дің бірі атанды!
94
БӨЛІСТІ
260
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әлем жаһандық жылыну үрдісінен туындаған қатерді ауыздықтау мен энергетикалық қауіпсіздік үшін жаңа, таза баламалы энергия көзі ретінде сутегі энергиясына көңіл бөлуде. Жақында Hydrogen Economist жаһандық сутегі платформасы әлем бойынша сутегі экономикасының дамуына үлес қосып жатқан әйелдердің еңбегін атап өту мақсатында Women in Hydrogen-50 (Сутегі саласындағы 50 әйел) рейтингісін жариялады. Бұл тізімде жерлесіміз Сәуле Жолдаяқова Еуропа, АҚШ, Сигапур, т.с.с елдердің сарапшыларымен қатар иық тіресіп тұр.

Hydrogen Economist пайымдауынша, техника ғылымдарының докторы Сәуле Жолдаяқова – тұрақты және жаңартылатын энергия көздеріне жаһандық көшуге елеулі үлес қосып келе жатқан сутегі энергетикасы саласындағы озық тұлға. Қазіргі уақытта Астана/Атырау, Қазақстандағы KMG Engineering компаниясының баламалы энергетика департаменті директорының міндетін атқарушы және сутегі технологияларын зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметін атқарып жүрген ол сутегі технологиясы саласындағы стратегиялық бастамаларды қалыптастыруда және жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды. Ол сутегі технологияларына арналған озық зертханалардың құрылуын қадағалап, ерекше көшбасшылық танытуда.

Сәуле Жолдаяқова 2007 жылы Жеқазған қаласындағы №8 гимназиясының «Дарын» сыныбын аяқтап, ҚазҰУ-тің шығыстану факультетінің жапон тілі мамандығына оқуға түсті. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы иегері атанып, Токио қаласындағы Токай университетінің «Экология және қоршаған орта инженері» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. Бакалавриатты 2015 жылы аяқтап, кейін сол университетте «Rotary Club» халықаралық ұйымының шәкірт-
ақысына ұсынылып, магистратураны «Сутегі технологиясы және оны тасымалдау» тақырыбы бойынша ғылыми жұмысын үздік қорғап, тәмамдады. 2017 жылы «College Womens Assosiation of Japan» инженер қыздар мен әйелдерге арналған бағдарлама аясында сол университетке докторантураға қабылданып, 2021 жылы техника ғылымдарының докторы атағын да үздік қорғап шықты.

2021 жылы Қазақстанға оралды. «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына қызметке тұрып, «Сутегіні алғаш рет Қазақстанға енгізу» жобасы аясында еңбекке араласты. Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» компаниясының негізінде Атырау қаласында алғашқы «Сутегі технологияларын зерттеу» зертханасын құрып, сутегі технологиясын Қазақстанға енгізумен айналысуда. Баламалы энергетика департаменті директорының міндетін атқарушы және Сутегі технологияларын зерттеу зертханасының меңгерушісі лауазымы қызметін атқаруда.

Айта кетейік, Сәуле Жолдаяқова – «Мысты өңір» апталығын көркемдеп беттеуші Гүлиза Акишеваның қызы.

Ай НҰРИ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    198 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 50
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру