Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мезгіл мәселесі

Айылыңды жый, жат ағым!

22.09.2023
- Мезгіл мәселесі
0
Жат ағым жастарды тартып барады
81
БӨЛІСТІ
225
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке шаңырақ көтергенде өзін зайырлы мемлекет ретінде жариялаған болатын. Қазақстандықтар білім алуға, еңбек етуге, Конституцияға сүйеніп, құқығын қорғауға құқылы.

Діни наным-сенімге де шектеу қойылып жатқан жоқ. Алайда,  заңның талабынан аттап, зайырлы мемлекеттің тәртібіне бағынбаған жағдайда заң алдында жауап беруі тиіс.  Шындығын айту керек, қазір дін мен мемлекеттің саясаты араласып кеткендей көрінеді. Тіпті жат ағымның жетегіне ергендер мемлекеттің билігіне бойұсынбай, өздерінің талап-тәртіптерін жүргізгісі келетінді шығара бастады.

Ата-баба жолын ысырып тастап, өмірінде көрмеген жат елдегі шейхтардың насихатынан саналары уланып жатыр. Күні кеше ғана жат ағымның жетегінде кеткендер сан ғасырлар бойы қазақ даласын күмбірлеген күйге бөлеген құнды дүниеміз – домбыраны «харам» деп, оның құлағында ойнағандарды «оңдырмай» тастады. Сонда тарихымызда дәулескер күйші атанған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей сынды алыптарымыз адасқанның жолында жүрді ме? Әлбетте олай емес. Олар да ислам дінін мойындады. Бірақ, ата-баба жолынан тайған жоқ.

Мұндай топтың өкілдері мектеп формасына қатысты да түрлі талаптарын қойып жүр. Адасудан зайырлы қоғамның шынайы келбетіне қара дақ түсірмек болған мұндай топтың өкілдерімен билік шұғыл түрде жүйелі жұмыс жасауы керек. Олай болмағанда қазір белең алып отырған жағдай ушығып кетпесіне кім кепіл. Жалпы, жат ағымның шылауында кеткен кейбір бауырларымыз зайырлы елдің ынтымағына кері әсерін тигізбесін. Біздің жол – ұрпағын білімге, ғылымға тәрбиелеп, елді өркениет биігіне шығару жолы. Сол жолда аяқтан шалуға, бетімізді теріс – қараңғылыққа бұруға жасалған кез-келген әрекетке тыйым салынуы тиіс. Болашағы жарқын елімізде айылыңды жый, тізгініңді тарт, жат ағым!

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    198 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 50
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру