Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мезгіл мәселесі

Адамдар араша сұрайды

29.03.2024
- Мезгіл мәселесі
0
Адамдар араша сұрайды
89
БӨЛІСТІ
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы басшылығының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 56 бұйрығына сәйкес, «Ұлы Дала» компаниясымен келісім-шартты бұзып, Жезқазған аймағында тамақтандыруды ұйымдастыру бизнес-үдерісін биылғы 1 сәуірден бастап «САС Қазақстан» компаниясына беру көзделген еді. Осы ауыс-түйіс тамақтандыру комбинаты ұжымын тығырыққа тіреп отыр.

Енді мәселенің мәнісіне тоқталайық. 2014 – 2016 ж.ж. – «Тех.эксперт»,  2016 жылдың ақпан-желтоқсан аралығында – «Кеңдала Сервис», 2017 – 2019 ж.ж. – «ВСК Food», 2019 жылдан бастап «Ұлы Дала» компаниясының құрамында болған тамақтандыру комбинаты бизнес-үдеріс ауысқан кезде ұжым штаты толық сақталған еді. Аталмыш бұйрықтың 5-бабында да бұл жағы қадап көрсетілген. Аяғы ауыр немесе сәбимен еңбек демалысында отырғандарды қоса алғанда, 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі штатты сақтау айтылған.

Бірақ, «САС Қазақстан» компаниясының басшысы С. С. Хамидидің өзіндік есебі бар екен. Ол тамақтандыру комбинатының штатындағы 352 адамның 54-ін қысқартуды ұйғарыпты. Дәлірек айтсақ, қысқартуға іліккендер – әкімшілік-басқару және орталық қойма қызметкерлері. Себебі, мұндай мамандар өздерінде де жеткілікті көрінеді.

Бұл шешім тамақтандыру комбинаты ұжымының орынды өкпе-ренішін тудырып отыр. Өйткені, олардың арасында көп балалы және жалғызбасты аналар, зейнет жасына жетіп қалғандар, осы ұжымның қаз тұрып, қалыптасып кетуіне ұзақ жыл ғұмырын арнағандар бар. Нақтылай түссек, қысқарту құрығына іліккендер қатарында: 8 әйел – декреттік демалыста, 1 әйелдің аяғы ауыр, 2 адамның зейнет демалысына шығуына 2-2.5 жыл қалған, 2 адам – зейнеткр, 2 адам – ІІІ топтағы мүгедек, 3 әйел – жалғызбасты (біреуінің баласы мүгедек), 1 әйел мүгедек бала бағып отыр, 3 көпбалалы әкенің біреуінде мүгедек бала бар, екіншісі өзі мүгедек, 2 еркек – отбасының жалғыз асыраушысы, 8 қыз-келіншек – буфетші.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыз жетектеген келіншек  Иә, «жетелеген» емес, «жетектеген»!

Қыз жетектеген келіншек Иә, «жетелеген» емес, «жетектеген»!

14.02.2025
Ерден көшесінің  жолы – қырық жамау!

Ерден көшесінің жолы – қырық жамау!

06.12.2024

«САС Қазақстан» компаниясының басшысы С.С.Хамиди ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңындағы 26-баптың да белінен бір-ақ басыпты. Жасы елуге келіп қалған, екі бала тәрбиелеп отырған жесір әйел, персоналмен жұмыс жөніндегі маман Ләззат Жансейітова 2023 жылы 2 қазанда «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының «Ұлы Дала» компаниясындағы бастауыш ұйымына төраға болып сайланған. Заңмен дәйектелген кепілдікке қарамастан ол да қысқаратындар қатарына қосылып отыр.

«Компания басшылығы адамдармен жеке-жеке сөйлесіп, ішінара жұмысқа орналастырды. Неге бұлай жасап жатқанын түсіндіргісі келмейді. Штаттың қысқаруына байланысты төлейтін өтемақысы түкке тұрмайды. Бұл біз үшін жұмысты жоғалтқанмен бірдей. Сондықтан, қысқарту дегенді қойып, комбинат ұжымын толық қабылдасын немесе жібі түзу басқа жұмысқа орналастырсын. Біздің талап осындай» дейді тамақтандыру комбинатының ұжым мүшелері.

Күйзеліске тап болған олардың осыншама торығуының төркінін түсінуге болады. Олардың басым бөлігі өз бетінше қалаған жұмысына тұра алмасы анық. Өйткені, біздің аймақта бірден-бір ірі жұмыс беруші – «Қазақмыс» корпорациясы мен оның аутсорингтік және қосалқы кәсіпорындары. Қазіргі жұмысынан айырылса, қайда барады? Қысқартудың құрығына ілініп, қаржылық қапасқа қамалған елуден астам адам үшін қоғам, Заң алдында кім жауап береді?

Тағдыр тәлкегіне түскелі  тұрған адамдар араша сұрайды. Қалыптасқан жағдайға қатысты «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергенов 20 наурызда «Қазақмыс» корпорациясының ұйымдық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры Евгений Валерьевич Козакқа хат жолдады. Жанды жадыратар жағымды жаңалық келіп қалар деген үміттеміз.

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру