Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Флотатор келіншек

08.03.2025
- Мерей
0
Флотатор келіншек

filter: 0; jpegRotation: 90; fileterIntensity: 0.000000; filterMask: 0; module:1facing:0; hw-remosaic: 0; touch: (-1.0, -1.0); modeInfo: ; sceneMode: Auto; cct_value: 0; AI_Scene: (-1, -1); aec_lux: 0.0; hist255: 0.0; hist252~255: 0.0; hist0~15: 0.0;

83
БӨЛІСТІ
230
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тілеу Көпбосынованың есімін Жезқазған байыту фабрикасының ұжымы құрметпен атайды. Саналы ғұмырының отыз жылдан астамын осы фабриканың қызығы мен қиындығы алмағайып түсіп жататын жұмысына арнаған жан бүгінде өз мамандығының майталманы атанған. Фабрикаға жаңадан келгендер ғана емес, осы салада көп жылдан бері еңбек етіп жүрген жандардың өзі Тілеуден кеңес алып тұрады.

Тілеу Көпбосынова Жезқазған байыту фабрикасының табалдырығын 1993 жылы аттаған еді. Бұрын-соңды істеп көрмеген шаруасы болғандықтан әуелде қатты қобалжыды. Гүрсілдеген, дүрсілдеген дауыстардан құлағы тұнатын. Қаз-қатар тізілген астауларда көпіршіген қоймылжың сұйықты сапырылып жатыр. Оның флотатор машинасы екенін Тілеу кейін барып білді. Өзінің сосындай машинаның машинисі болатынын естігенде тіптен қобалжыды. Игеріп кете алмай, елге күлкі боламын ба деген ой оны жиі мазалайтын. Жоқ, қателесіпті, қайсар жан өз міндетін аз уақыттың ішінде меңгеріп әкетті. Әрине, оған тәлімгер болған аға буынының ықпалы да аз болған жоқ. Өз білгендерін жас маманға барынша үйретті. Тілеу де олардың айтқанын қалт жібермей қағып алып жүрді.

Флотатордың жұмысы бір қарағанда еш қиындығы жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Фабрикаға келіп түскен кенді ұнтақтап, оны шайып, құрамынан мысты айыру ғана деп ойлар еді білмейтіндер. Ал, шын мәнінде бұл жұмыстар үлкен бір ғылыми процесс.

Флотацияға келгенге дейін кен жынысы үш түрлі өңдеуден өтеді. Ең әуелі кен ұнтақтау дирменінде ұсақталады, сосын бірнеше секцияларда шлифовкадан өтеді. Сосын барып флотацияға келеді.

– Флотациядан өтудің өзі ғажап процесс. Көк тастан сары мысты айыру үшін біз үш түрлі реагент қосамыз. Ол суға шайылған кенді пульпаға айналдырады. Міне, осы пульпадан сапалы сары мыс шайылып шығады, – дейді Тілек Көпбосынова өзінің жұмысы жайлы ерекше бір мақтаныш сезіммен. «Бұл жай ғана кен емес, біздің ұжымның төккен маңдай терінің жемісі» – дейді ол.

Ізтай БЕЛГІБАЙ.

Бөлісу33Твитерге21

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру