«Аmanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы Республика күніне орайластыра «Транко Жез» ЖШС теміржолшыларының арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.
Кәсіпорыннан ойынға 8 команда қатысты. Үздік шыққандарды «Аmanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов құттықтап, марапаттады.
– Ел егемендігінің алтын діңгегі – Республика күнін атап өту аясында спортты серік еткен теміржолшылардың футболдағы қарым-қабілетін айқындау мен ынталандыру мақсатында осы шағын турнирді қолға алып отырмыз. Сіздердің салауатты өмір салтын серік етудегі ұстанымдарыңызға алғыс білдіремін. Еңбектегі және спорттағы жетістіктеріңіз мол болсын, – деді Асқар Сембіғалиұлы.
Жарыс қорытындысында І орынды вагон қызметінің бірінші командасы, ІІ орынды қозғалыс қызметі командасы, ІІІ орынды вагон қызметінің екінші командасы алды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткендерге арнайы номинациялар тағайындалды.
Самат Жолдасбек «үздік ойыншы», Медет Кенжебек «үздік қақпашы», Ержан Иманжан «үздік қорғаушы» атанды. Жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншыларға партия филиалының атынан ақшалай жүлделер мен кубок табысталды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.