«Қазақмыс» Холдингі өндіріс орындары бар аймақтарда өмір сүру сапасы мен қауіпсіздікті нығайту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және тұрғынүй, коммуналдық инфрақұрылым, су шаруашылығын салу бағдарламаларын іске асыру бойынша дәйекті
саясат жүргізіп келеді.
Әлеуметтік жауапкершілік Холдинг өмірінде маңызды рөл атқарады. Аймақтардың тұрақты дамуында кешенді тәсілді жүзеге асыру және Қарағанды облысының әкімдігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында қалаларда қауіпсіз өмір сүру, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару туралы шешім қабылданған болатын.
Осы бастама аясында «Қазақмыс» корпорациясы полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда мінсіз жұмыс атқарулары үшін Жезқазған, Балқаш қалаларының құқық қорғау органдарына 68 жеңіл автокөлік пен автобус сыйға тартты. Аталған қалаларда полицияға көліктерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Автокөліктердің кілтін табыстау салтанатында сөзалған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС даму жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев:
– 2020 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы өзі жұмыс істейтін аймақтарда әлеуметтік саясатты жүйелі түрде жүргізуге шешім қабылдаған болатын. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, барлық саладағы жағдай жан-жақты зерделенді. Бір қатар зерттеулер мен әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, негізгі проблемаларды айқындап, соның нәтижесінде «Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларын жәнеҰлытау өңірін 2020-2025 жылдарға тұрақты дамыту бағдарламасы» әзірленді, – деді.
Жезқазған аймағына жеткізілген көліктер Жезқазған, Сәтбаев қалаларымен қатарҰлытау ауданына жөнелтілді.
Атап өткен жөн, бұған дейін «Қазақмыс» құқықтық тәртіп сақшыларына материалдық-техникалық көмек көрсетті. Соның ішінде қылмысты азайтудағы тиімділігін растаған «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы іске қосылды. Оны іске қосу кезеңінде «Қауіпсіз аймақ» бейнебақылау жүйесінің үлкен жобасы қолға алынды.
Жезқазған қаласында Жедел басқару орталығы (ЖБО) пайдалануға берілді, жұмыс істепт ұрған 26 учаскелік пунктке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және жиһаз жиынтықтарымен толық жабдықталды.
Полиция қызметкерлерінің қысқы, маусымдық және жазғы киімдермен жабдықталуына жағдай жасады. Модульдік үлгідегі 2 стационарлық полиция пункті орнатылды.
«Қазақмыс» компаниясы тұрғындар қауіпсіз өмір сүру үшін аймақтарда жайлы жағдай қалыптастыруға күш салуда. Бұл әрбір адамның болашағына жасалған игі шара деп білген жөн. Міне, бүгін де компания үшін адами капиталды дамытып, жағдай жасау маңызды екенін тағы бір дәлелдеп берді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.Суреттеравтордікі.