Сіздерді Кәсіподақтар күнімен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз қызметкерлердің мүдделерін қорғау және олардың құқықтарын сақтау ғана емес, сонымен атар ұжымның әрбір мүшесінің әл-ауқаты үшін үлкен жауапкершілік. Сіз күн сайын әділеттілікті қорғайсыз, күрделі мәселелерді шешуге көмектесесіз, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға және әлеуметтік бейбітшілікті сақтауға ықпал етесіз.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби қызметте табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін. Сіздің энергияңыз бен ынта-жігеріңіз ешқашан таусылмасын, ал сіздің жұмысыңыз өзіңіз қол ұшын созған жандар құрметпен ризашылығын білдірсін.
Құрметпен, Уәлихан НҰРЖАНОВ, «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы.