Әлемде екінші көлік жүйесі ретінде қызметі жоғары бағаланатын теміржол саласының дамуы біздің елдің экономикасына айтарлықтай үлес қосып отыр.
Жезқазған аймағында осыдан 96 жыл бұрын тар табанды жолда пойыз жүйткіп, жүк тасымалданды. Бүгінгі күні «Қазақмыс» корпорациясының өңірдегі жүк тасымалын ұйымдастыруда ерекше маңызға ие болып отырған «Транко Жез» ЖШС кәсіпорнының атқарып отырған жұмысы айрықша. Тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мерекелері қарсаңында кәсіпорынның теміржол тарландарымен дидарласып қайтқан болатынбыз. Қазіргі күні бұл кәсіпорында бірнеше құрылым мен бөлімнің шаруасы жолға қойылған. Солардың қатарында жол жөндеушілер бригадасының еңбегі ұшан-теңіз. Олар қыстың қақаған аязы мен ақ түтек боранына, жаздың аптап ыстығы мен жауын шашынына қарамай жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.
Суретте: жол қашықтығы бөліміне қарасты
«Медный» станциясының жол жөндеушілері.