Жарты ғасырдан астам тарихы бар Жезқазған мыс қорыту зауытының ел индустриясында шоқтығы биік. Қара және катод мысын өндіруде әлемдік нарықты мойындатқан өндіріс ошағында балқыту цехының алар орны ерекше.
Зауыттағы негізгі төрт цехтың әрқайсында күрделі өнді-
рістік үдеріс жүзеге асса, соның ішінде 1200 градуста балқыма алу шыдамдылық пен кәсіпке деген адалдықты қажет етеді. Кәсіби мереке қарсаңында біз осы цехта болып, ондағы металлургтерді әңгімеге тартқан болатынбыз.
Суретте: балқыту цехындағы Қуан Бекиманов басқаратын бригада балқытушыларының бір тобы.