Өндіріс нысанымен танысу барысында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм балқыту және мысты электролиздеу цехтарында болып, таза тауарлық мысты алудың соңғы үдерістерін көрді.
Сонымен қатар елшіге компанияның бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жобалары туралы ақпарат берілді.
«Қазақмыс» компаниясы үшін кәсіпорындардағы тұрмыс жағдайын жақсарту басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы негізде жыл басынан Ұлытау өңірінде кеніш жұмысшылары үшін 23 азық-түлік пункті абаттандырылды, Жезқазғанда 10 жылы аялдама салынды, заманауи еңбек жағдайлары бар жаңа кешендер салынуда. Дэниел Розенблюм компанияның ESG қағидаттарымен де танысты. «Қазақмыс» компаниясының тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов атап өткендей, кәсіпорынның іргесінде орналасқан елді мекендер үшін зауыттың даму болашағының маңызы зор.
«Қазақмыс» жыл сайын жергілікті әкімдіктермен меморандумдарға қол қоя отырып, моноқалалардағы әлеуметтік нысандарды салу бағдарламаларын қаржыландырады, білім саласын дамытуға, сондай-ақ ең қажетті өнімдердің бағасын тұрақтандыруға көмектеседі. Мәселен, биыл «Қазақмыс» Жезқазғандағы Металлургтер алаңын қалпына келтіріп, денешынықтырусауықтыру кешені мен өңірде геологиялық кластер құрылысын және Кеңгір жағалауын абаттандыруды жалғастыруда.
Елші өз кезегінде Жезқазған мыс қорыту зауытының тыныс-тіршілігіне куә болу мүмкіндігін ұсынғаны үшін алғысын білдіріп, ұжымға өркендеу мен табыс тіледі.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.