Биылғы аналар мейрамы Ұлытау облысында ерекше басталды. Алтын құрсақ аналар мереке қарсаңында ақшалы болып жатыр. Ол үшін қазынадан 165 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Нақтырақ айтар болсақ, биыл 8 Наурыз мерекесіне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрын «Батыр ана» атағын алған және төрт, одан да көп балалары бар аналарға 20 мың теңгеден бірреттік әлеуметтік төлем берілді. Облыс бойынша мұндай алтын құрсақты аналар – 8247 (Жезқазған – 2666, Сәтбаев – 2200, Қаражал – 705, Жаңаарқа – 2034, Ұлытау – 642) екен. «Аталған бірреттік төлем мереке қарсаңында әлеуметтік төлем жеке есепшоттары арқылы жіберілді», – дейді сала мамандары.
Досан ДУЛЫҒАЛЫ.