Сәрсенбі, 25 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Қонақүй кешені ашылды

22.02.2024
- Бәрекелді!
0
Қонақүй кешені ашылды

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

101
БӨЛІСТІ
281
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қаламызда «Жезқазғанның 70 жылдығына – 70 тарту» бастамасы өріс алуда. Осыған орай көптеген игі жобаларды жүзеге асыру көзделіп,  мерейтойға арналған алғашқы тарту-таралғылар да жасала бастады. Осы аптада «Хан ордасы» қонақүй кешенінің салтанатты ашылуы соның айқын көрінісі болды.

Жаңа кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Шыңғысов қатысып, құттықтау тілектерін айтты. Облыс әкімі өз сөзінде Ұлытау өңірінде туризмді дамытуға байланысты осындай жайлы қонақүйлер әлі де керек екеніне назар аударып, жақсы іске жаршы болған кәсіпкер Марғұлан Есболұлына ризашылығын білдірді.

Қонақүй кешені жобасын кәсіпкер Марғұлан Молдашев «Ұлытау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 600 млн. теңгедей. Оның 256 млн. теңгесін «Ұлытау» ӘКК қаржыландырса, қалғаны кәсіпкердің өз қаржысы. Төрт қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарын екі жарым жылдың ішінде «Кристалл Групп» ЖШС ойдағыдай атқарып шықты. Шағын кешеннің іші «Хан ордасы» деген атауына сай этно-стиль үлгісімен безендіріліп жабдықталған. Қонақ үйде 40 адамға арналған 20 нөмірі бар. Ондағы стандартты, жартылай люкс және люкс бөлмелерінде қонақтардың жайлы демалуына қажетті жағдайлар жасалған. Байланыс жүйелерімен қамтылған. Іскерлік шаралар өткізуге арналған конференция залы, тамақтанатын мейрамханасы да қонақтарға қолайлы болары сөзсіз. Лифт жұмыс істейді.

Ашылу салтанатына қатысқан қала жұртшылығының өкілдері мен ардагерлер кәсіпкердің бастаған ісінің жемісті болуына тілектестігін білдіріп, батасын берді.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1756 бөлісті
    Бөлісу 702 Твитерге 439
  • Майталман металлургтер

    114 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • Кәсіби шеберліктерін сынады

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • «Степлаг» қасіреті

    130 бөлісті
    Бөлісу 52 Твитерге 33
  • «Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс

    118 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 30
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check