Сенбі, 17 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

Ой-толғам

26.01.2024
- Көкейкесті
0
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?
566
БӨЛІСТІ
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бала кезімізде «машинаның доңғалағы», «велосипедтің доңғалағы» дегенді жиі еститін тәрізді едік. Ал бүгінде маңдайшасында «Дөңгелек жөндеу» деп жазылған шеберханалар қаптап тұр.

Мұның қайсысы дұрыс-бұрыстығын білу үшін қолымызға түскен кітапқа көз жүгірттік. Айтқандай-ақ, әйгілі жазушы Мұхтар Мағауин «Аласапыран» атты тарихи романында «алты доңғалақты қайың арба» деп жазыпты. Және бір мысал: «– Доңғалағы тасқа секірген арбадай салдырлайсың да жөнелесің сен-ақ, – деп кейіді Бондаренко» (Тахауи Ахтанов). Мұндай мысалдарды әдеби туындылардан көптеп келтіруге болады. Енді энциклопедияны алып қарайық: «Доңғалақ – арбаның жүрісін оңайлататын айналмалы тетік. Д. машина, трактор, паравоз, т.б. қозғалмалы механизмдерде де болады» (ҚСЭ, 4-том, 23-бет). Бұл бұл ма, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген «Орысша-қазақша сөздікте»: «колесо – доңғалақ» деп аударылған.

Бұрыннан сөздік қорымызда бар «доңғалақ» атауының орнына неге «дөңгелек» дейтін болдық? Сондай-ақ, «істейді» деген етістіктің орнына «жұмыс жасайды» дейтінді шығардық. «Бастық» деген сөз де анайы екен. Осыларға қарап, ана тілімізді «мәдениеттендіру» жүріп жатыр ма деген ойға келер едік.

Тіл жанашырлары орыс тіліндегі «вопрос» сөзі қазақша екі мағына беретінін, оның «мәселе» деген ұғымын ауызға алмай, «сұрақ» деген бір-ақ сөзінің жиі айтылатынын баспасөз беттерінде көтеріп-ақ келеді. Бірақ оған құлақ қойып жатқандар жоқ. Сөздің мәнін жете біледі деген жазушымыздың өзі әдеби туындысында: «Жастар некелесуге арыз жазды» дегенін оқып, іштей қынжылдық. Біле-білсек, «арыз» шағым, наразылық тұрғысында жазылмақ. Ал «арыз» бен «өтініш» тіпті қарама-қайшы екі мағына береді. Айта берсек, сөздік қорымызда ежелден бар сөздерімізді орынды қолдана білмеушілікке мысал көп. Неге солай?!

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

Бөлісу226Твитерге142

Көп қаралған

  • Қамқорлық құшағындағы отбасылар

    Қамқорлық құшағындағы отбасылар

    97 бөлісті
    Бөлісу 39 Твитерге 24
  • Мектеп есіктері айқара ашылған күн

    97 бөлісті
    Бөлісу 39 Твитерге 24
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1685 бөлісті
    Бөлісу 674 Твитерге 421
  • «Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

    566 бөлісті
    Бөлісу 226 Твитерге 142
  • «Арқаның алқасы»

    125 бөлісті
    Бөлісу 50 Твитерге 31
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру