Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Ғибрат

Әулиеге ас берілді

11.08.2023
- Ғибрат
0
Әулиеге ас берілді
116
БӨЛІСТІ
321
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бұдан тура отыз жыл бұрын, қиындыққа киліккен елдің еңсесі езілген күрделі кезеңде, танымал тарихи тұлға Қойлыбай әулиенің кесенесі көтеріліп, келесі жылы ас берілгені баршаға белгілі.

Күні кеше 92 баулы, 5 таңбалы, қайқы қылыш Қыпшақ баласының барлық тармағы тізе қосып, алыс-жақын ағайындарға сауын айтып, қарт Ұлытаудың етегінде, «Дулығалы» өзенінің бойында бабаларының рухына арнап, сауапты іс атқарды. 58 ақшаңқан киіз үй тігіп, жиналған екі мыңдай қонаққа қол қусырып, қызмет көрсетті.

Ата аруағына арналған асқа дайындық былтыр басталған еді. Елді елең еткізген жағымды жаңалықты қуаттаған жұртшылық қызу үн қосты. Қалың қыпшақты нағашы-жиен, құда-жекжат, жалпы жұртшылық қолдап, бірнеше мәрте асар ұйымдастырып,  әулие кесенісінің жанынан дертіне дауа іздеп келетіндерге арнап қолайлы «Тағзым үйін» салды. Жан-жақты дайындық биыл ерте көктемде жалғасын тапты. Ел еңсерген игі істің оң нәтижесі Ата асында керемет көрініс болып өрілді.

Астың алдында, бір күн бұрын, «Дулығалы» мешітінде мәңгілік мекенін тапқан Құлмүхамбет ишанның ұрпағы құрбандық шалып, аруақтарға арнап құран оқытты. Бұл да үлкен іспен үйлескен шапағатты шаруа болды. Өйткені, бабалардан қалған «Қойлыбайдан – тіле, Құлмұхамбетке – түне» деген өсиетке бергісіз өрелі сөз кезінде тегін айтылмаса керек. Бала кезімізде оған өзіміз де талай куә болдық.

Сондай-ақ оқыңыз

Академиктің рухани әлемі

Академиктің рухани әлемі

14.03.2024
«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

«Жазылмас жара. Ұмытылмас қасірет»

01.03.2024

Әулиеге арналған ас өткен сенбіде салтанатты жағдайда ашылды.

Хас батыр Қобыланды қыран бабам,

Бас имеген басқаға бір Алладан.

Қайқы қылыш Қыпшақтың батырлары,

Ойрандарда «Ойбас» деп ұрандаған!

Ерекше ғой Едіге тау етегі,

Алтын Шоқы аты алысқа жетеді.

Ұлт ұясы Ұлытауым ежелден,

Абыздар мен Аңыздардың мекені.

 

Кенде емес қой тұлғалардан даламыз,

Ұмытпаймыз, әркез еске аламыз.

Соның бірі,  бірегейі, әрине,

Ол – Қойлыбай бабамыз! – деп өлең шумақтарын төккен жас пері, дүйім жұртқа «Дәридай» атымен танылған айтулы айтыскер ақын Мұқаштың ұлы Мұқағали дүбірлі тойдың тізгінін қолына алды.

Кесененің қасына қойылған Әулиенің жан серігі, сырласы болған қасиетті қобыз мүсінінің ашылуы ұмытылмастай әсерге бөледі. Кең даланы қасиетті күрең қобыздың қуатты қоңыр үні кернеп кеткендей толқып, тебірендік.

Сәтбаевтағы Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің  имамы Қондыбай қажы Әкбаров күңірентіп құран оқыды.

Сауапты шараға арнайы атбасын бұрған облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы салтанатты жиында Қойлыбай Әбурахпанұлының Қазақ даласындағы атақты бес Әулиенің бірі екендігіне тоқталып, бұл ілкімді іс Ұлытау өңірінің кең көлемді туристік орталыққа айналуына ықпал ететінін атап айтты! Сосын Асқа дайындық барысында айрықша еңбек сіңірген бес азаматқа Алғыс хат тапсырды.

Құрметті қонақтар – «Бабалар жолымен» атты арнайы саяхат ұйымдастырып, әлемнің 42 елін аралаған белгілі меценат Сапар Ысқақов, білікті бизнесмен әрі танымал меценат Серікжан Сейітжанов, атақты Кейкі мергеннің ұрпағы, қоғам қайраткері Серік Ақылбай, республикалық «Qazaq» газетінің құрылтайшысы Қали Қамбаров, «Қазақтың Кетбұқасы» ҚБ төрағасы Төлеген Бүкіров, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Қадыр Үңгітбаев сөз кезегін алып, Асты өткізуге белсене атсалысқан бірнеше азаматты марапаттады.

Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрының әртістері «Қойлыбай Әулие» қойылымын көрермендер назарына ұсынды. Оның сценарийін жазған – ақын Ғазиз Ештанаев, қоюшы режиссері – Теміржан Жанботаев. Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Байғара Сәдуақасов қобыз тартты. Жезқазған – Ұлытау даласына етене таныс өнерпаз Мақсат Жұманазаров Астың тақырыбын барынша ашқан керемет терме орындады.

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

Бөлісу46Твитерге29
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

17.06.2025
Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді

Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді

17.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру