Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны қортындылануда. Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 наурыздан басталған мерзімді шақыру жұмыстары біздің облыста белгіленген кестеге сай жүргізілді…
Отан қорғауға аттанған бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы анықтама алғаннан кейін ғана әскери бөлімдерге жөнелтілді. Бұл кезеңде Ұлытау облысынан 1996-2005 жылы туған 100 ден аса азамат әскер қатарына аттанған. Олар қазір еліміздің әр түпкірінде түрлі әскери қызметтерде Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуде.
– Жезқазған қаласының қорғаныс басқармасы жергілікті әкімдік және полиция басқармасы медицина қызметкерлерімен бірлесіп көктемгі әскерге шақыруды ойдағыдай өткіздік. ҚР Қорғаныс министрлігінің нұсқауымен сарбаздың денсаулық жағдайына баса назар аударылды. Сонымен қатар, отбасылық жағдайын да назардан тыс қалдырмадық. Сарбаздармен үнемі байланыста боламыз, – деді Жезқазған қалалық қорғаныс істер басқармасының жасақтау және әскерден тыс жұмыс бөлімінің бастығы Дәурен Мұсабеков.
Иә, «Армия – өмір мектебі» деген қағида қай кезеңде де күшін жоймаған. «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиеті парызы және міндеті.» Ата Заңда осылай жазылған!
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.