Қазақ отбасында әкенің орны бөлек. Мәртебесі биік. Ел күнтізбесінде Әкелер күні мерекесінің пайда болуы аймақ жұртшылығын ерекше марқайтты. Мерекеге орай «Наурыз» саябағында әкелер мен балалардың «AkeFest» фестивалі ұйымдастырылды.
Қазақ «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бірауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар тауының тәрбиесін көріп, асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұрпақ жаман болмайды деп бағалаған. Бүгінгі байқауға алты топ қатысты. Командалар қаппен секіру, кіртасын көтеру, арқан тарту сынды сайыстарда бақ сынады. Іс-шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттап, әкелер рөлінің маңыздылығын көрсету.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Мұқан фестивальдің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде облысымызда алғаш реет кең көлемде мерекеленіп тұрған Әкелер күні ұйымдастырылған фестивль одан әрі жалғасын табатынына тапайтты.Фестивальге қатысқан балалар «Әке – отбасы тірегі» атты тақырыпқа сурет салудан жарысты. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. Әкенің орны қашан да бөлек. Қызым қылықты болсын деп «қырық үйден тыятын» да, ұлды ұлы мақсаттарға жетелеп, жол көрсететін де – әке. Жүз мектеп бере алмайтын тәрбиені бойға сіңдіріп, таудан биік талапты болуды үйрететін асқар таудың жөні дара екенідаусыз. Келешекте мейрамның ауқымы кеңейе түседі. Бұл дегеніміз – әкелеріміздің рөлі, отбасындағы құндылығы одан әрі артады деген сөз.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ