«Қазақмыс» Холдинг» қызметкерлері балаларының шығармашылық қабілетін шыңдап, дарындыларын даралауда Ұлы Жеңістің 78 жылдығында мәнерлеп оқуға арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» онлайн байқау ұйымдастырылған болатын.
Қатысушыларды көбірек тарту үшін Instagram платформасының @Kazakhmys_live парақшасында онлайн-конкурстың басталуы туралы бейнеролик іске қосылды, сондай-ақ Жезқазған өңірінің барлық кәсіпорындары бойынша хабарландырулар орналастырылды.
Онлайн байқау ағымдағы жылдың 9 мамырында аталған Instagram платформасының @Kazakhmys_live парақшасында басталған болатын. Ол парақшада балалардың Жеңіс күнін насихаттайтын бейнероликтері жарияланып отырды.
Жақында «Жезқазғантүстімет» ӨБ ғимаратында байқауда үздік шыққандарды марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 61 қатысушы шығармашылық жұмысын жолдады. Байқау жеңімпаздарын «Жезқазғантүстімет» ӨБ Бас инженері Жасұлан Байниязов марапаттап, балалардың шығармашылықтарына табыс тіледі.
Байқаудың бірінші орнына тағайындалған 200 мың теңгені Айсұлтан Мейрамбек жеңіп алса, (әкесі «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС телім шебері), екінші орынның жүлдесі 150 мың теңгені Сағыныш Жетпісбай, Жансұлтан Жетпісбай еншіледі. Олардың әкесі мамандандырылған энергия жөндеу басқармасының телім шебері. Үшінші орын – жүз мың теңгені Жансұлтан Құрметұлы алды. Әкесі Оңтүстік Жезқазған кеніші №45 шахта дизель учаскесінің еңбеккері.
Байқауға қатысып, бақ сынаған өзге қатысушылар 15 мың теңге ынталандыру сыйлығына ие болды.
Айта кетейік, байқау «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директоры Олег Копытов бекіткен 2023 жылға арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспары аясында, Отбасы мен балаларды қолдау жылының аясында өткізілді. Мұндай шаралар компания қызметкерлерінің арасында мәдени жобалар мен бұқаралық спорттың кеңінен насихатталуына, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауына бағытталған жобалардың сәтті жүзеге асуына негіз болады. Ұлы Жеңісті жырлаған жас буын арасындағы бұл байқау соның бір парасы.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.