Жақында «Kazakhmys Barlau»-дың Ұлытау облысына шақыруымен first Quantum Minerals компаниясынан Tony Worth, Matt hope және James banyard бизнесті дамыту жөніндегі басшылары келді.
Геологиялық кластерге сапар аясында шетелдік әріптестер құрылыс барысымен, оның нысаналы мақсатымен, сондай-ақ геологиялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.
Сондай-ақ, қонақтар Жезқазған учаскесіне барып, Kazakhmys Barlau бұрғылау жұмыстарының орындалуын тамашалап, Оңтүстік Жезқазған кенішінің шахтасына түсті.
First Quantum Minerals – экспортқа миллион тоннадан аса мыс концентратын шығаратын әлемдегі ең ірі 10 мыс өндіруші компанияларының бірі.
Халықаралық ынтымақтастық – Kazakhmys barlauдың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі әлемдік компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу геологиялық салада тәжірибе және жаңа технологиялармен алмасуға, жаңа жобаларды дамытуға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай кездесулер мен өзара сапарлар іскерлік байланыстарды нығайтуға және серіктестер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.