Бүгінгі күні заманауи технологиялардың күшімен жер үсті және аэрогеофизикалық барлауда әлеуеті зор «Qazaq Geophysics» ЖШС мыс кен орындарын іздеуде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану арқылы барлау ауқымын кеңейтуде.
«Qazaq Geophysics» қазақстандық геофизикалық компаниясы Шығыс Қазақстан облысының Ақтоғай-Айдарлы ауданында мыс кенденуін іздеу бағдарламасы шеңберінде карталау жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданумен аэрогаммаспектрометриялық зерттеулер ауданды картаға түсіруге, табу үшін перспективалы кенді объектілерді бөлуге көмектеседі. Шамамен 170 шаршы шақырым көлемінде учаске ауданын түсіру жоспарлануда. Нәтижесінде мамандар үш компонентті радиометриялық карта мен цифрлық трансформаторлар жиынтығын алады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.