Дүйсенбі, 23 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Балаңыз асық ойнай ма?

Ата салтың – қазақы қалпың

05.08.2022
- Руханият
0
Балаңыз асық ойнай ма?
122
БӨЛІСТІ
340
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осыдан төрт жылдай бұрын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраны қорғау қоғамдық комитетінің XII сессиясында «Қазақтың ұлттық ойыны — Асық ату» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасы ретінде танылып, тізімге енгізілген еді. Алайда, бұл жаңалыққа елп ете қалған асық құмарларды байқай қоймадық. «Асық ойыны қазақтың ұлттық ойындары құрамына енгізілсе» деп бұған дейін ұсыныс айтушылар еліміздің әр жерінде аз болмайтын. Енді халықаралық деңгейде қолдау тауып, ұлттық ойынды кеңінен өрістетуге мүмкіндік туып отырғанда солардың үні естілмей қалды. Мұнымыз қалай?

     «Ақылы асса — аға қой, жасы кіші демеңіз, Қолыңа жақса — сақа қой, қой асығы демеңіз», – деген қазаққа асық ойыны ерекше жақын екені даусыз. Ертеде жас балаға арнап асық жинайтын. Бала қазіргідей қытайдың зияны көп улы ойыншықтарымен емес, экологиялық жағынан таза асықпен ойнап ержеткен. Асықты үйде де, далада да ойнауға болады. Ойын түрлері де көп. Бүгінгі егде жастағылардың замандастары өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында үй сыртында «Үш табан», «Алты атар» сияқты түрлерін ойнаса, үй ішінде асықпен «Хан талапай», «Қақпақыл» ойнап мәре-сәра болып жататын. Негізі асық ойынының 80-ге тарта түрі бар көрінеді. Еліміздің әр аймағында әртүрлі ойын тәсілдері бар. Асықты жүннің бояуына салып, сәндеп түрлі-түсті асық жинайтын балалар болушы еді. Сақаны асықтың оңқайынан сайлап, тәйкесінен, алшысынан түссе қуанып, омпысынан тұрса күпініп бір жасап қалатын. Арқардың құлжасының асығынан сақа қойып, «қоңқар» деп қоқиып жүретін балалар да болатын. Шындығында ірі, салмақты сақа кенейге тисе алысқа ұшырары анық. Бала үшін асықты иіріп, шиырып ату деген ерекше өнер.

Кеңестік қоғам кезінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ескінің қалдығы саналды. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар. Бәрінен де қой бағып құйрық жеген озар» деген мәтелді алға тартушылар көбейді. Осылайша асық ойыны ұмытыла бастады. Кейінгі кезде ұлттық ойынды дәріптеушілер шыға бастаған еді. Соның нәтижесі болар, асығымыз ЮНЕСКО-ның назарына ілігіп отыр. «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілекті үкілеген халқымыз оны қастерлей де білген. Мәселен, Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі жылдардың ішінде Жаңаарқа ауданының орталығындағы басты көшелерінің біріне ұлттық бренд ретінде алшысынан тұрған асықты ескерткіш етіп қойғаны есімде. Бұл – халқымыздың жүрегіне жақын белгі. Асықтың алшы түсуі сәттілікті, жолы болғандықты білдіреді, адамның мерейін өсіреді.

Айтары жоқ, асық ойыны —  қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны. Тәуелсіз ел болуымызбен қатар, шүкір деу керек, қазір міне ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үрдісі қолға алынуда. Соның бірі ретінде асықты спорттық ойын түрінде қарастырса болады. Кейбір аймақтардың мектебінде денешынықтыру сабағына «Асық ату» ұлттық ойынын енгізген жерлер бар екен. Құптарлық бастама. Асық ататын баланың үнемі қимыл-қозғалыс үстінде болатынын мамандар мойындап отыр. Баланы шапшаңдыққа, мергендікке баулиды. Көздің көру қабілетін, қолдың ептілігін арттырады дейді. Ойлау жүйесін жетілдіруге де оң әсері бар екен. Денсаулыққа кері әсері бар компьютер мен телефонның  алдында ертелі-кеш қадалып отырғаннан бұл көшілгері емес пе.

Асық ойынының түрлерін жетілдіре түссе қазіргі заманның боулинг, бильярд ойындарынан кем болмауға тиіс. Әсіресе, қалада асық ойынына мән берудің маңызы зор. Мысалы, Жезқазғанда жыл сайын балалардың бірнеше ойын алаңдары салынады. Ауладағы балалар алаңын жабдықтағанда енді асық ойнайтын шағын алаңқайдың болуы да ескерілсе дейміз. Осы жазда қаладағы Жастар сарайы алдында қалалық спорт бөліміндегілердің садақ атумен қатар, асық ойнауға шақырып жүргендері қуантты. Баланың намысын жанып, қатарынан озуға ұмтылдыратын асық ойынын спорттық бәсекеге айналдыруға да әбден болады. Жыл сайын «Алтын сақа» жарысын өткізуді дәстүрге енгізсе қандай ғанибет. Ол үшін спорт төңірегіндегі мамандар ойын түрлерінің бірыңғай стандартын бекітіп, ережесін жасауы керек. Олай болса,  балаларымыз асық ойнасын. Ұлттық ойын түрін жатсынбайық!

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Амандық РАХҰЛ

Бөлісу49Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру