Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
- «Қазақмыс»
0
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
68
БӨЛІСТІ
190
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Жыланды» кенішінде тоқсан сайынғы жұмыс жиналысы жаңа көшпелі форматта өтті. Кәсіпорын қызметкерлері «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакировпен кездесті. Жиналыста өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек тәртібі мәселелері талқыланды.

Басқарма төрағасының орынбасары биылғы жылдың өткен айларында «Жыланды» кенішінде бір де бір оқыс оқиға тіркелмегенін атап өтті. Дегенмен жарақаттың болмауы қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлуді бәсеңдетуге себеп емес екенін айтты.

Сонымен қатар, Саят Бакиров кен орны қызметкерлерін жұмыс орнындағы қауіптерді бағалау стандарттарына көбірек көңіл бөлуге шақырды. Белгіленген нормаларға сәйкес, әрбір қызметкер алдымен инженерлік-техникалық қызметкермен бірлесіп өз жұмыс орнын бағалау керек. Тек осыдан кейін ғана оған жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Қызметкерлер мұндай қауіптерді анықтауды меңгерген, еңбек өтілі мен кәсіби тәжірибесі бар, дегенмен кейде осы рәсімді елемей, жазатайым оқиғаларға себеп болатын алғышарттар жасайды.

– Егер, барынша жауапкершілікпен қарасақ, қауіп-қатер анықталған жағдайда сіздер бірден хабарлап, оны жою шараларын қабылдауларыңыз қажет. Жою мүмкін болмаса  жұмысқа кірісуге болмайды. Қауіпсіздік техникасын сақтау қызметкердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Қарапайым мысал, бұрғылаушы кенжарды төлқұжат бойынша бұрғылаған кезде, ол жұмыс орнының қауіпсіздігін арттырады. Дұрыс бұрғыланған кенжар тау жынысының жарылуын азайтып, жару жұмысының тиімділігін арттырады. Жұмыскер қауіпсіздік ережелерін сақтап, тәртіп бойынша жұмыс істесе – өзін ғана емес, қасындағы әріптестерін де қорғайды, – деді Саят Бакиров.

Жиналыс барысында Шығыс және Батыс Сарыоба, Итауыз, Қарашошақ және Қыпшақбай шахталарындағы үңгілеу бригадаларының өндірістік көрсеткіштері назарға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Байланыс тораптары қалыпқа келтірілді

Байланыс тораптары қалыпқа келтірілді

27.06.2025

Қазіргі таңда «Жыланды» кеніші «Қазақмыстың» ең перспективалы нысандарының қатарында. Оның бүгінгі өндірістік қуаты жылына 2,7 млн тонна кенді құрайды, штатта шамамен 900 адам жұмыс істейді. Шығыс және Батыс Сарыоба, Итауыз, Қарашошақ және Қыпшақбай шахталарындағы тауарлық кен қоры 180 млн тонна деп бағаланған, орташа мыс құрамы 1,03 % деңгейінде.

2026 жылға қарай кеніштің жылдық өндірістік қуатын 3,6 млн тоннаға дейін, ал 2030 жылға қарай 6 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Осыған байланысты өндірістік инфрақұрылымды және кәсіпорынның штатын кеңейту көзделген.

Жоспарланған жобалардың қатарында Шығыс Сарыоба мен Итауыз шахталарына жаңа желдеткіш қондырғылар орнату, клетті және ауа беру оқпандарын жөндеу, магистралдық конвейерді кеңейту және жаңа электр беру желісін тарту жұмыстары бар.

Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Кеніш жұмыскерлері өздерін толғандырған мәселелерді басшылықпен тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
PR департаменті.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру