Бейсенбі, 9 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Медицина қызметкерлері марапатталды

20.06.2026
- Жаңалықтар
0
Медицина қызметкерлері марапатталды
68
БӨЛІСТІ
189
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ән, күй, құрмет, алғыс та бұл жолы ақ желеңді абзал жандарға арналды. Дәстүрге сай медицина саласының үздіктері «Қазақмыс» корпорациясынының алғысына бөленді.

«Жезқазған» медициналық орталығында өткен салтанатты жиында дәрігерлер мен сала үздіктеріне «Қазақмыс» корпорациясының Құрмет грамоталары мен «Еңбек озаты» төсбелгілері салтанатты түрде табыс етілді. Бүгінгі таңда «Жезқазған» медициналық орталығы – аймақ тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп жатқан ең ірі емдеу мекемелерінің бірі. Мұнда 1900-ге жуық маман халық денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Салтанатты шарада «Қазақмыс» корпорациясы Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Мұхит Үңгітбаев:-«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік қызметі жүзеге асырылатын өңірлердегі денсаулық сақтау саласының дамуына әрдайым ерекше көңіл бөледі. Біз медицинаға салынған инвестиция – адамдардың өмір сүру сапасы мен қалаларымыздың болашағына салынған инвестиция екенін жақсы түсінеміз. Тек 2025 жылдың өзінде Жезқазған медициналық орталығын дамытуға шамамен 1,3 миллиард теңге бөлінді. Ал биыл кардиохирургиялық қызметті одан әрі дамытуға, заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға және өндірістік кәсіпорындардағы жедел медициналық көмек бекеттерін қажетті құралдармен қамтамасыз етуге қосымша 500 миллион теңгеге жуық қаражат бағытталуда, – деді ол.

Салтанатты шара аясында еңбегімен ерекшеленген сала мамандары марапатталды. Бір топ қызметкер «Қазақмыс» Корпорациясы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағының Құрмет грамотасына ие болды. Ал үш еңбеккерге кәсіподақтың «Еңбек озаты» төсбелгісі табысталды. Жалпы, «Қазақмыс» компаниясы өңірдегі денсаулық сақтау саласын қолдауға әрдайым басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде медициналық орталық заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, соңғы жылдары жоғары технологиялық операциялар енгізілді. «Жезқазған» медициналық орталығының директоры Дәурен Аманқұловтың айтуынша, бүгінде емдеумен қатар диагностикалық қызмет түрлерін дамытуға да ерекше назар аударылуда.– Бұл бағыттарды дамытуда «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мен Балқаш қалаларындағы қолдауының үлесі зор, – деді ол. Бұл күні өз ісінің нағыз шеберлері ұлықталды. Олар денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп қана қоймай, халықтың құрметі мен ықыласына бөленген жандар. Ал корпорацияның жүйелі қолдауы өңір медицинасының әлеуетін арттырып, көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ

Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Тіл жанашырлары мараптталды 

    Тіл жанашырлары мараптталды 

    103 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Қатыгездік

    78 бөлісті
    Бөлісу 31 Твитерге 20
  • Орнықты орынбасар

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Сәрсенбай ата Стамбұлды бетке алды

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Күзет қызметкерлері құрметтелді

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру