Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Сәрсенбай ата Стамбұлды бетке алды

12.10.2023
- Қоғам
0
Сәрсенбай ата Стамбұлды бетке алды
109
БӨЛІСТІ
303
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осыдан екі ай бұрын Жезқазған жұртшылығы ақ жол тілеп аттандырған жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Түркияның астанасы Анкараға жетті. Жаһанды жаяу жүріп бағындыруға шыққан жерлесіміз екі айлық жолды артта қалдырып өзінің биылғы межесін Түркияда аяқтамақ.

Орайы келгенде айта кетейік, өткен жылы еліміздің 17 облысын жаяу шарлып шыққан Сәрсенбай Оспанұлы биыл жаһанды жаяу жүріп өтуге бел буған еді. Мақсаты – әлем жұртшылығын бейбітшілікке шақыру һәм қазақ елін жаһанға жақынырақ таныстыру.

Алдын ала жасаған жоспарына сәйкес жиһанкез өзінің сапарының бірінші бөлімін Түркиямен түйіндеуі керек-тін. Қазір ақсақал сол межесіне жетті. Өткен аптада Сәрсенбай атамыз Түркияның астанасы Анкара қаласына келіп кірді. Жетпіс үш жастағы жиһанкезді қаланың кіреберісінен Қазақстан елшілігінің қызметкерлері күтіп алды.

Анкарадағы кездесу барысында Сәрсенбай ақсақал Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиевтің қабылдауында болды. Сол жерде бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазіргі «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова бастаған қазақстандық делегациямен жүздесті.

Сәрсенбай Оспанұлы келесі күні Анкарада ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф мырзамен кездесті. Ақсақалдың осы саяхатының ең басты мақсаты Ұлытаудан бастау алған «Қымыз мерекесін» ТҮРКСОЙ шеңберінде өткізу үшін осы ұйым басшысына ұсыныс хат тапсыру еді. Жиhанкез атамыз сол хатын жолдап, негізгі міндетін ойдағыдай орындады.

Бұдан соң жиһанкез ақсақал елшілікте Қазақстан делегацияларымен және түркиялық зиялы қауым өкілдерімен өткен іс-шараға қатысты. Сол шарада Қазақстаннан келген «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі қонақтарға кереметтей өнер көрсетіпті.

Қазір атамыз Түркияның мәдени һәм рухани астанасы саналатын Стамбұлды бетке алып жүріп келеді. Ауа райының қолайсыздығы жолды өндіруге мұрша бермеуде. Алайда табиғаттың тосын мінездері жетпістен асқан жиһанкезге тосқауыл бола алмауда. Бізге жеткен хабарға қарағанда Сәрсенбай атаның Стамбұлға жетуіне санаулы шақырымдар ғана қалыпты. Жаратқан жолын оңғарсын дейміз.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

 

Бөлісу44Твитерге27

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру