Ардақты әжелер, асыл аналар, қымбатты арулар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетуіне нәзікжандар өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
«Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен анна мейірімінен нәр алады» деген даналық сөз бар. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Тағылымды тарихымыз қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес. Сіздер отбасы берекесімен бірге Тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлесқосып келесіздер.
Қаншама ұлы адамдар «Ана» деген аяулы есімге бас иіп, тағзым етті. Қаншама ән, қаншама өлең, қаншама сезім қылын тербетер нәзік сөздер анаға арналумен келеді. Бұл орынды да, өйткені ананың ақ сүтін ақтау біздерге үлкен парыз, үлкен міндет жүктейтіні баршамызға аян. Сондықтан да ардақты да аяулы аналарға деген құрмет шексіз бола бермек. Сіздерге әрдайым бас иіп, құрмет тұтамыз. Мерекелеріңізбен, ардақты жандар!
Құрметпен, Ерболат САТЫБАЛДИН,
Тау-кен металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы.