Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Зымыран зардаптары қазақ даласын қашанғы бүлдiреді?

15.09.2023
- Көкейкесті
0
Зымыран зардаптары қазақ даласын қашанғы бүлдiреді?
193
БӨЛІСТІ
536
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Зымыран-ғарыш қызметi шоғырланған аймақта оның адам денсаулығына қаншалықты қауiптi екенi бесенеден белгiлi. Қанша жамап-жасқап, оның ғылымға, халық шаруашылығына тигiзетiн пайдасын алға тартып, жуып-шайғанмен шындықтан шалғай кете алмайсың. Мәселен, баллистикалық зымыран мен зымырантасығыш ұшырылғанда оның зардабы, нысан күрделiлiгiне қа­рай, көтерiлген алаңынан бастап 800-2500 шақырым қашықтыққа сезiледi екен немесе 1500-5000 шаршы шақырымда зиянды «дақ» қалатын көрi­недi.

1991 жылы Москвадағы «Бiлiм» баспасынан шыққан «Ғарыш және экология» мақалалар жинағында осы жөнiнде жан-жақты жазылған. Мәселен, Қазақстан аумағында РФ Қорғаныс минис­трлiгiнiң бес әскери полигоны бар. Соларды саусақпан санап, қысқаша қызметіне тоқталайық.

Бiрiншiсi, Астрахань облысының Ахтубинск қаласындағы В. Чкалов атындағы № 929 ұшу-сынақ орталығы. Оның Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында орналасқан әскери полигонында қару үлгісі жаздық сынақтан өт­кiзiледi, РФ Әскери-теңiз флоты әскери жаттығу жасайды. Екiншiсi, зымыранға қарсы және әуе шабуылынан қорғанатын қару мен әскери техниканы, сондай-ақ, стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерi мен әскери-теңiз флотының баллистикалық зымыранын зерттеу мен сынақтан өткiзуге арналған, өзіміз «Сарышаған» атап кеткен, № 10 сынақ полигоны.

Үшiншiсi, Ресейдiң Астрахань (Капустин Яр) және Қазақстанның Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан, қару үлгiлерiне жаздық сынақ жасалатын № 4 сынақ полигоны. Төртiншiсi, Ақтөбе облысы аумағындағы зымыранға қарсы және әуе шабуылынан қорғаныс әскерiнiң қаруларына ғылыми-зерттеу жұмысы жүргiзiліп, сынақ жасалатын № 11 сынақ полигоны (Ембi).

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Бесiншiсi, баршаға белгілі «Байқоңыр» ғарыш айлағы немесе Қызылорда облысындағы № 5 сынақ полигоны. Зымырантасығыштың бастапқы сатыда бөлi­нген тораптары Қазақстан, Түрiкменстан және Ресейдің әртүрлi аймағына құлайды. Әзiрге бұл – Ресейдiң ғарыштық бағдарламасын орындау және «Мир» үлгiсiндегi iрi орбиталық кешендi ұшыру үшiн қолданып отырған бiрден-бiр ғарыш айлағы. Ресей ғарышқа ұшырған әрбір он зымыранның жетеуi осы ғарыш айлағының үлесiне тиедi.

Ресейдiң экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi ведомоствоаралық комиссиясы дайындаған «Экологиялық қауiпсiздiкке ғарыштық қызметтiң әсерi туралы» деген материалда (1994 ж.) былай деп жазады: «Тәжiрибелiк және оқу зымырантасығышын ұшырғанда ол өзi өткен ауқымды аумақты ластайды. Одан бөлiнетiн тораптың конструкциялық бөлшегi де, отынның жанбай қалған компонентi де табиғатқа елеулi зиян келтiредi. Бөлiнген торап құлаған жердiң гидрометеорологиялық және географиялық ерекшелiгiне қарай бiр мәрте ластанған аймақтың ауқымы бiрнеше гектарға жетуi мүмкiн, оның сыртында зымыран сұйық отынының компонентi мен жанғанда пайда болған зиянды зат сумен араласып жүздеген шақырым қашықтыққа кетедi».

Әртүрлi баллистикалық зымыран мен зымырантасығыштың қоршаған орта мен адам денсаулығына аса қауіптісі – «Протон» үл­гiсiндегiсі. Әлемдегi ең қуатты бұл зымырантасығыш адам­ға қатерлi отын – 1, 2-бисимметриялы диметилгидразинмен жұмыс iстейдi. Ал, ол дегенiңіз – халыққа ұғынық­ты жалпақ тiлмен айтқанда, естiген елдiң үрейiн ұшыратын гептил. «Протон» зымырантасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатыны белгiлi.

Төңiрекке тараған 0,01 мг/л гептил санаулы минуттан кейiн-ақ адам ағзасын айтарлықтай улайды. Ресейдiң экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi ведомоствоаралық комиссиясының материалында (1996 ж.) қарулы күштерде гептилдi ұзақ пайдалану салдарынан жеке құрамның денсаулығына қаншалықты керi әсер еткенi жөнiнде мәлiметтер келтiрiлген. Ал, «Новая газетада» 2000 жылы 27 қарашада жарияланған «Ресейлiк зымырандар қайда құлайды?» деген мақалада клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу нәтиже­сiнде белгiлi болған бiрқатар ауру айтылады.

Ғарыштық зымыран отынының ағзаға зияны көп жағдайда сыртта жүретiн малшыға тиедi. Өкiнiшке орай, кейбiреу бейқамдық пен салғырттық салдарынан зымырантасығыштың далада шашылып жатқан сынығын ұстап көредi, тiптi тұрмыстық қажетiне жаратып жатады. Мұндайда сырқатқа шұғыл шалдығу мүмкiндiгi арта түседi. Ең қауiптiсi сол, гептил радиациялық сәуле таратады. Соның салдарынан дәрiгердiң сыр­қатқа қате диагноз қоюы да кездеседi. Бұл өз кезегiнде тиiмдi емдеуге кедергi келтiредi.

Ғарыштық қызметтiң экологиялық қаупiнiң негiзгi себептерiне әскери әпербақандықты, қоршаған ортаға зияны ескерiлмей жасал­ған зымыран-ғарыштық техника мен технологияны, экологиялық заңнама дәрменсiздiгiн, тәуелсiз экологиялық сараптама жүргiзiлмеуiн, жүргiзiлсе де қортындысына ешкiмнiң құлақ аспауын, ғарыштық қызметтiң құпиялығын, оған жұртшылық тарапынан байыпты бақылау жоқтығын жат­қызуға болады. Мiне, осындай қалыптасқан жағдайда 1965 жылдан берi бастапқыда КСРО, кейiн РФ 300-дей «Протон» зымырантасығышын ұшырыпты. Олар Қазақстан аумағындағы ауаға және топыраққа шамамен 375 тонна гептил мен 750 тонна азот тетра­оксидiн таратқан.

Бұл жерде апат­қа ұшыраған зымырантасығыш есепке алынып отырған жоқ. Қазақстанда кейiнгi жиырма жылдың өзiнде он шақты зымырантасығыш аспанда апат құшқан. Осының жартысына жуық оқыс оқиғасы біздің өңірде орын алды. Өйткені, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқан оның бiрiншi сатысында бөлiнген торабы әдетте Ұлытау ауданының аумағына түседi. Ол аймақта автокөлiк жолдары, электр байланысы желi­лерi, Құмкөл мұнай көзiнiң вахталық поселкесi бар.

«Протон» зымырантасығышының қалған сатысында бөлiнетiн тораптар құлауы ықтимал аса қауiптi телімдер Қарағанды облысының Шет және Ұлытау облысының аттас ауданы аумағында. Олар Қызылорда – Павлодар және Екатеринбург – Алматы автокөлiк жолы, Павлодар – Шымкент және Атасу – Алашонькоу мұнай құбыры бойында. Бұл аймақтарда елдi мекендер бар. Әңгiменiң ашықтығы үшiн айта кетейiк, «Протон» зымырантасығышы траекториясы Қазақстан аумағымен ғана  шектелмейдi, РФ-ның Алтай өлкесi, Хакасия, Тува, Саха республикасын, Қытай мен Монғолияны, қос Кореяны, Жапонияны қамтиды. Алайда, Қазақстаннан бас­қа жерде «Протон құлапты» дегендi естiмеппiз.

Әскери-өнеркәсiптiк кешенге қатаң бақылаудың болмауы салдарынан шетелдiк корпорациялар тапсырысы бойынша Ресей мен Украина ұшырған «Протон» және басқа зымырантасығыш ғарышқа шығарған жер серiктерiнiң (әсiресе, телекоммуникациялық) қалдығы Қазақстанды ғарыштық қызметтiң «қоқыс қоймасына» айналдырды. Бұл жө­нiнде Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң географиялық хабаршысы (2003 ж.) «Қарағанды облысының Жездi ауданындағы геоэкологиялық жағдай» деген мақалада байыпты баяндаған.

Ашық дерек көздерінен улы отынмен ұшатын зымырантасығыштың қоршаған орта мен адам денсаулығына келтiретiн зиянды әсерiн дәлел­дейтiн талай мәлімет табуға болады. Ең қорқыныштысы сол, гептилмен уланған адам қатерлi iсiкке шалдығуға бейiм келедi немесе мүгедек болып қалады. Отын ыдысы (бак) құлаған кезде жанармайдың қалдығы ауаға тез тарайды, зымыранның бiрiншi және екiншi сатысындағы қозғалыс траекториясымен жерге шөгедi. Сөйтiп, зымыранның ұшқан бағытына қарай барлық жер бүлiнедi. Гептил төгiлген жер ондаған жыл бойы адам өмiрiне қауiптi орынға айналады. Ол соншалықты сiңгiштiгiмен ерек­шеленедi, жерге төгiлген бетте құрғақ топыраққа үш метрге дейiнгi терең­дiкке кетедi, дымқылға жеткен соң сумен араласады.

Бiр ғажабы, жаңбыр жауған кезде жоғары қарай көтерiледi. Гептилдiң өзiндiк физика-химиялық қасиетi оны залалсыздандыруды қиындатады. Гептилдiң улылығын ескерген Ресейдегi ғарыш әскерiнiң басшылығы ғарышқа шағын нысандарды алып шығатын, улы отынмен жұмыс iстейтiн «Циклон-3», «Космос-3М», «Рокот» зымырантасығышына тапсырыс берудi тоқтату туралы 2006 жылы шешiм қабылдады. Алайда, қысқартылған бұл зымырантасығыштар негiзiнен Ресейдiң «Плесецк» және «Свободный» (бұл он жылдай бұрын жабылды) ғарыш айлағынан ұшырылады. Ал, қуатты «Протон» және «Днепр» зымырантасығышы жөнiнде әңгiме жоқ.

Демек, жоғарыдағы зымырантасығышты қысқартуға қатыс­ты жасалған
қадам және барынша таза отын пайдаланатын зымырантасығыш шығару шарасын қарастырған, бiрақ сынақ сәтiнiң мерзiмi қайта-қайта жылжытылып отырған «Ангар» жобасы тек ресей­лiктер көңiлiн аулау үшiн қажет демеске дәрмен жоқ. Әйтпесе, ол Қазақстандағы эколо­гия­лық қауiпсiздiк мәселесiне ешқандай әсер етпейдi.

Айтпақшы, қауiптi техникаға балама қазiрдiң өзiнде бар. Ол – «Союз» зымырантасығышының керосинмен ұшатын жаңа үлгiсi. Бiрақ, коммерциялық мүддесiн қорғаған ресейлiктер «Протон» мен «Днепр» зымырантасығышын одан әрi пайдалануға табан тiреп отыр.

Сiрә, Қазақстан осы мәселенi орайлы шешу жағын қарас­тырса, орынды болар едi. Яғни, гептил қолданатын зымырантасығышты пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салу керек. Сонда бұл күрделi мәселе азды–көптi нәтижелi шешiмiн табады.

Әлiбек ӘБДIРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

 

Бөлісу77Твитерге48
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру