Оның оңғаны жоқ. Әсіресе, соңғы сорақысы – қымбат уақытты қорқылу. Күн өткен сайын ғұмыр қысқарып, өлім «мысықтабандап» жақындай түсетінін бала-шағаболмаса, шал-шауқаннан бастап, бәрі – біледі. Бірақ, айтпағым бұл емес. Сөз виртуалды әлемде адасып жүрген ағайынға арналады.
Мынау жалған дүниеде адам табиғатын толық түсінген тірі пенде таппайсың. Мен солай ойлаймын. Небір ғұламаның ғұмырына үңілсең, әйтеуір, бір «әттеген-ай!» алдыңнан шығады. Жұғымсыз қылық пен жағымсыз әдетке бой ұрып, қысқа ғұмырын «қорқылып» жүрген ағайын жөнінде сөз қысқа…
Араққа, темекіге, құмар ойынға, тіпті зинақорлыққа тәуелді болып қалға адам кездеседі. Ол үшін мынау «мәнсіз өмірде» сол өзі тәуелді болған нәрседен басқа қызық қалмайды. Сондай сойқанның тағы біртүрі – әлеуметтік желі.
«Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа» дейін ұялы телефонға жіпсіз байланған. Басқасын былай қойғанда, «бесіктен белі шықпаған» баланың да қолында – қалтафон немесе планшет. Шылдырмақ ұстатсаң, лақтырып жібереді.
«Әлеуметтік желі» сырқатына шалдыққан адам жүрдек көлік жүргізіп келе жатып та, тамақ ішіп отырып та, ұйқыға бас қояралдында да қолындағы алақандай мониторға мөнтеңдей береді. Ең қорқыныштысы – оған одан басқа ешкім де, ештеңе де керек болмай қалады.
Ол жақыны жан тапсырып жатқанда да қайғыра алмайтындай жағдайға жетуі мүмкін. Шындығында, бұл – адам санасын улау арқылы қоғамға төнген қатер. Айта берсе, бұдан келетін қауіп оның пайдасын он орап алатын түрі бар.
Осы күні қамшының сабындай қысқа ғұмырдың көб іонсыз да теледидар мен телефонға телмірумен өтеді. Бәрі – еліктеу мен солықтаудың салдары. Есіл уақытты бағалай білмегендіктен! Ерік-жігердің осалдығынан!
Қысқасы, өзім үшін осы арақ қою мен темекі тастағанан қиын болып тұр!
Әлібек ӘБДІРАШ.