Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Дін және қоғам

Уағыз қорқыту ғана ма?

02.02.2024
- Дін және қоғам
0
Уағыз қорқыту ғана ма?
104
БӨЛІСТІ
290
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгінде құдайы аста уағыз айтылып жүр. Бірақ, сол уағыз көп жағдайда біржақты ғана айтылады. Негізгі тақырыбы – өлім, ақырет. «Ертең өлгенде жәннаттан жырақ қаласың, тозақ отына күйесің, сынақта қыспақта қаласың» деп жатқандары. Сонда не, уағыз тек қорқыту, үркіту ғана ма?

Дінге сүйенсек, уағыз адамды иман мен адами қасиетке үндейді. Діннің басты мақсаты да осы. Ол екі мағынада айтылады. Біріншісі, араб тілінде «әмір мағруф» – жақсылыққа бұйыру, яғни ізгілікке шақыру болса, екіншісі, «нәхи мункар» – жамандықтан қайыру немесе одан тыю. Уағыз осы екі бағытта жүреді. Әр мағруфтың өзіндік ерекшелігі бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірінші бағытын хош көрген және өсиет еткен. Жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирену – барша адамға міндет.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, мүфтияттың барлық имамдарға қойған талабының негізі – кез-келген діни қызметкер, уағызшы халқымыздың түсінігінің аясында уағыз айту. Тек қана құран, хадиспен ғана емес, заман талабына сай Абай, Шәкәрім атамыздың өлеңдері, қазақ мақал-мәтелдері, ұлы тұлғалардың өмірінен де тиек етіп айту керектігі жөнінде нұсқау бар. Жұма күндегі уағызда да қазақи құндылықтар, дәстүріміз айтылуы керек. Оған қажетті ақпаратты алыстан іздемей-ақ Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен, өлеңдерінен, Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегінен, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы ұлттық сенімге, дәстүрге негізделген діни пәлсафаларынан алуға болады.

Өкінішке орай, бізде дәстүрден дін басымырақ. Дін мен дәстүр бір-бірінен алшақтап кетті. Бұрынғы ата-баба ұстанған дәстүр артта қалып барады. Уағыз айту адамның деңгейіне де байланысты. Өйткені, орта әртүрлі. Бір орта – дінге ықыласты болса, енді бір ортаның – діннен хабары аз. Сондықтан  уағызшы да ортаны алдын ала саралап, айтар сөзін соған сай жұптауы тиіс. Мамандардың айтуынша, жалпы мешіт жамағатына ұсынатын уағыз бен шариғат үкіміне әлі бой ұсына қоймаған, діни сауаты әлсіз халыққа айтылатын уағыз арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Осыған баса мән берген де жөн.

Сондай-ақ оқыңыз

Мақала жоқ

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Бөлісу42Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру