Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан Ұлытау облысына сапары барысында «Қазақмыстың» облыс орталығындағы өндіріс нысандарында болды.
Вице-министр Жезқазған мыс қорыту зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен және өндірісті жаңғырту жобаларымен танысты. Сондай-ақ, вице-министр «Қазақмыс» ЖШС корпорациясының Жезқазған байыту фабрикасына барды. Қонақты байыту кешенінің жұмысымен фабрика директоры Мұрат Бөрібаев таныстырды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.