«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының мыс балқыту цехы балқыту телімінің №1 Ванюков пеші күрделі жөндеуге тоқтатылды.
Аталмыш бұл күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы және пештің жұмысын қалпына келтіру үшін жүргізілуде.
Жобаның жоғары күрделілігіне, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының орасан зор көлеміне байланысты, күрделі жөндеу зауыт директоры Ербол Айбеков, бас инженер Бексұлтан Қасымбеков және цех басшысы Байтас Сүлейменовтың тәулік бойы бақылауымен жүргізілуде.
«Негізгі күрделі жөндеу 30 күн ішінде жүргізіледі, тағы 5 күн ішінде біз №1 Ванюков пешін іске қосу алдында оны қыздырамыз. Жұмыстың негізгі көлемі қалдықтарды өңдеу қазандығын, газ құбырын, тиеу жолын толығымен ауыстыру, су салқындатқыш элементтердің көп бөлігін жаңарту және агрегаттың отқа төзімді қалауын ауыстыру болып табылады. Мұның бәрін өте қысқа мерзімде, № 1 Ванюков пешінің қондырғысын тоқтату кезінде жасау керек. Тиісінше, мұнда жөндеу жұмыстарын жоспарлау және күрделі жөндеу кезіндегі олқылықтарды есепке алу мақсатында БМЗ барлық инженерлік-техникалық қызметкерлерінің жоғары кәсіптілігі талап етіледі», – дейді Байтас Сүлейменов.
Жөндеу жұмыстары «Қазақмыс Мейкер» ЖШС-нің түрлі құрылымдық бөлімшелері мен өзге мердігерлік ұйымдардың күшімен жүргізілуде. № 1 Ванюков пешінің агрегатына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС жобалау орталығының мамандары әзірледі.
Қазіргі уақытта, бұл аталмыш күрделі жұмыстарды жүргізуге арналған барлық жабдықтар мен материалдар сатып алынды, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айының басында аяқтау және № 1 Ванюков пешін жұмыс режиміне қосу жоспарланып отыр.
Ләззат Смағұлова.