Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық театр – Жезқазғанда

21.04.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлттық театр – Жезқазғанда
69
БӨЛІСТІ
193
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Жезқазған қаласына гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетті. Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбектің айтуынша, құрылғанына алдағы жылы ғасыр толғалы отырған қазақ өнерінің қарашаңырағы қалың елдің театры болуымыз керек деген бастамамен республика аймақтарына шығып, өнер көрсетуді жөн көріпті.

Қазақтың бүгінгі Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 1926 жылы қаңтар айында Қызылорда қаласында шаңырақ көтеріп, ең алғашқыда Қошке Кеменгеровтің «Алтын сақина» пьесасымен көрермендер алдына шығыпты. Соған алдағы жылы 100 жыл толғалы отыр. Осыған орай гастроль барысында театр тарихы мен өсу жолдары да насихатталуда. Өнер ұжымы Ұлытау өңіріне сапарының алдында Қарағанды қаласында болып, бай репертуарларымен таныстырған. Енді алдағы уақытта Шымкент, Түркістан жұртшылығымен қауышуды көздеп отыр екен. Ұлттық театр Жезқазғандағы алғашқы қойылымының шымылдығын Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасымен ашты. Қойылым алдында Алматыдан келген өнер иелеріне облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдиев, Серке Қожамқұлов атындағы театрдың ардагері, Қазақстанның халық артисі Досжан Жанботаев ізгі тілектерін білдіріп, Ұлытау облысы әкімінің құттықтау хаты мен кәдесыйын тапсырды.

«Мөлдір махаббат» романы бойынша сахналанған спектакль мәңгілік бірге боламыз деген Бүркіт пен Бәтестің тағдыры мен Мүсәпірдей адамдардың мүсәпір халы арқылы халқымыздың басынан өткен қилы кезеңінен сыр шертеді. Сол замандағы қазақ қоғамындағы идеялық тартыстар мен Алаш көсемдерін жау санаған қызыл өкімет жандайшаптарының қара халыққа запыран шектірген зұлматты оқиғалары да кеңінен көрініс тапқан. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшырежиссёр Әубәкір Рахимовтың драманы өзіндік шешімталдықпен сахналап, тартымды етіп қойғаны көрініп тұр.

Үлкен аншлагпен өткен алғашқы қойылымынан бастап, сахна шеберлері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бес күндік гастроль барысында Әуезов театры бұдан кейін көрермен қауымға «Қыз Жібек», «Цыган серенадасы», «Қас-қағым», «Сезім хаттары» қойылымдарын ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру