«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының ұйымдастыруымен биыл үшінші мәрте жазғы спартакиада баста уалды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-не қарасты өндірістік нысандардың еңбеккерлері, кәсіподақ мүшелері бақ сынайтын бәсеке шеңберінде баскетболдан жарыс мәресіне жетті. Үздіктерді анықтаған ойында «Қазақмыс Мэйненанс Сервисиз» ЖШС командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Шығыс Жезқазған кенішінің командасы еншіледі. Үшінші орын Жезқазған мыс қорыту зауытының үлесіне тисе, Қарсақбай металлургиялық зауытының ұжымы төртінші орынның тұғырынан көрінді.
Сонымен қатар, қарсақбайлық Әлімжан Нұркамал «Үздік ойыншы», Шығыс Жезқазған кенішінің намысын қорғаған Самат Сұрғұтов «Үздік қорғаушы», Жезқазған мыс қорыту зауытынан Дінмұхамед Қанапия «Үздік шабуылшы» атанды.
Айта кетейік, спартакиада жыл соңына дейін жалғасын таппақ.
Бағдат АЙТӨРЕ