Кен-шахта жабдықтары зауытында «Қауіпсіздік сағаты» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саясатында үздік көрсеткіштерге ие болған еңбеккерлерді «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Мәриямкүл Тәкішева марапаттады. «Үздік желілік жетекші» аталымында «КСУ» бөлімінің басшысы Мейіржан Құлжанбеков үздік шықса, механикалық цехтың темір жонушысы Вадим Ивлев «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша үздік жұмысшы» атанды. Ержан Досжан мен Виктор Шариков, Вячеслав Пак, Андрей Тюра мен Жұмахан Ашықбаев «Үздік техникалық инспектор» атағын иеленді.