Шалғайдағы «Жомарт» кенішінде «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен жыл сайын әрбір сала мамандары арасында үздіктерін анықтау бойынша байқау өтіп келеді.
Кәсіподақ комитетінің бұл дәстүрлі байқауы жалғасын тауып, бірқатар үздіктерге марапат табысталды. «Жомарттың» үздіктері қатарында Мадияр Бердіхан «Жер асты өздігінен жүретін машинаның үздік машинисі» атағын иеленсе, Жасұлан Біркенов «Жер асты жеткізу машинасының үздік машинисі» аталымына лайық деп танылды. Қанат Ұрықтеміров пен Шүкіржан Тәкенов «Үздік үңгілеуші» атанса, Нұрперзент Арықбай «Үздік бұрғылаушы» номниациясын алды. Бақтияр Макишев «Үздік ұнтақтаушы», Бақытбек Рысбеков «Үздік конвейерші» атағына лайық деп танылды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Сұңғат Бимағанбетовтің айтуынша, бұл байқау еңбеккерлерді ынталандыру және олардың кен өндірудегі табыстарын көпшілікке насихаттау болып табылады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.